Қондырма жағаларды өңдеу
Қондырма жағалар деп бұйыммен мойын ойындысының сызығы
бойынша біріктірілген жағаларды айтады. Қондырма жағалар
бірқабатты (көбінесе) және екіқабатты болады. Қондырма
жағаларды
дайындау, әдеттегідей, мынадай операциялардан тұрады:
■
жаға бөліктерін қатырмалау, оны іштіктермен біріктіру;
■
жаға бөліктерін біріктіру;
■
жаға қырлары мен ұштарын өңдеу.
Бірқабатты жағаларды
қатырмаламайды және желімсіз
іштіктермен қатайтпайды. Бөліктерді біріктіруді: жиектелген
қиықты жатқыза қайым, жапсырма, бүктемелі немесе қосарлы
тігістермен орындайды. Бірқабатты жағаларды ұштары мен
қырлары бойынша өңдеу үшін модельге байланысты шеттік
тігістерді пайдаланады: ашық жиектелген не жабық қиықты
бүктеме; жабық қиықтары бар жиектемелі не көлбеу көмкермелі
шеттіктеу; көлбеу көмкермені не пішілген әдіпті қолдана отырып
жай жиекті жөрмеу тігісі. Бірқабатты жағаның ұштары мен
қырларын шілтермен, желбіршекпен, жиектемемен әрлейді.
Бірқабатты жағаның ұштары мен қырларын өңдеу арнайы
құрылғылары бар арнайы немесе сырып тігу машиналарында
жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: