2.5.
Өңірастыларда басқа да түймелеуші элементтерді орналастыруға
болады.
Тесік түймелік
. Оны бүйір сызығы бөлшектің ортаңғы
сызығымен сәйкес келген кезде, жіңішке қапсырмасын қима
өңірастылары бар бұйымдарды орындайды (2.20-сурет,
д
).
Түймелікті өңдеген кезде алмалы-салмалы сыдырма түймелікті
пайдаланады. Жұмысты жеңілдету үшін бүйір сызығының бойымен
сыдырма түймелікті қосып тігу қосымшасын сыдырма түймелік
жиектемесінің еніне дейін үлкейткен дұрыс. Бұл қосымшаларды
қатырмалаған дұрыс.
Өңірастыларды әдеттегідей өңдейді: қатырмалайды, ішкі
қиығын айналдыра көктейді (
1
-тігім).
Сыдырма түймеліктің әрбір алшақ салынған бөліктерін беткі
жағымен негізгі бөлшектің беткі жағына сыдырма түймеліктің
тісшелері бөлшек жаққа бағытталатындай етіп, ал сыдырма
түймелік жиектемесінің шеті бөлшетің бүйір сызығымен сәйкес
келетіндей етіп салады. Сыдырма түймелік жиектемесінің үстіңгі
ұшын бүйір жаққа бүгеді. Сыдырма түймелікті қосып көктейді,
арнайы табандықты пайдалана отырып бүйір сызығының бойымен
сырып тігеді (
2
-тігім). Өнеркәсіптік өндірісте көктеу операциясы
жоқ.
Өңірастын негізгі бөлшектің беткі жағына өң бетін қаратып
салады және сыдырма түймелікті сырып тігу тігісіне тігім сала
отырып, алдыңғы бой жақтан бүйір сызығының бойымен қосып
тігеді (
3
-тігім).
Бұйымның мойын ойындысы мен етегін
өңірастымен жөрмейді (
4
және
5
-тігімдер). Өңірастын негізгі
бөлшектің ішкі жағына айналдырады, бұрыштарда қосымшалардың
артық жерлерін кертеді. Өңірастыларды түзейді, баса үтіктейді.
Бүйір бойымен беткі жағынан әрлегіш
6
-тігімді салады (модельге
байланысты бір немесе екі).
Түймеліктерді өңдеген кезде түймелік пен әрлегіш тігімдердің
тегістігін, түймелік жақтарының жанасу тығыздығын, түймелік
жақтарының симметриялылығын және ауытқулардың болмауын,
өңдеу тазалығын, фурнитураның жақсы бекітілуін қамтамасыз ету
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: