ұштарын кетіру үшін капюшонның беткі жағында беткі қиықтан
30...50 мм арақашықтықта және мойын ойындысының қиығынан
40...60 мм арақашықтықта тілікті ілгектерді шалып тігеді немесе
баутесіктермен не люверстермен әрленген саңылау теседі.
Саңылаудың астына капюшонның ішкі жағынан желімдік не
желімсіз қатайтқыш қойылуы тиіс. Қатайтқыштың ені беткі қиық
бүгілісіндегі қосымшаның енінен аспауы тиіс. Ілгек не саңылау
дайын күйінде беткі ойындының бүгіліс қосымшасы енінің
ортасында орналасуы тиіс.
Екіжақты материалдарды пайдаланған кезде, егер модельмен
қарастырылса, беткі ойындының бүгіліс қосымшасы капюшонның
беткі жағына жабық не шеттік қиықты бүктеме тігіспен бүгіп
тігілуі тиіс.
Егер беткі ойындының пішіні қисық сызықты болса, оны өңдеу
үшін пішілген әдіпті немесе көлбеу көмкермені пайдаланады. Беткі
қиықты жөрмеу тігісімен өңдейді, әдіптің не көмкерменің өңделген
бос шетін капюшонның ішкі жағына сырып тігеді, өңделмеген
қиығын ішке қарай 7...10 мм-ге бүктеп, сырып тігеді. Сырып тігу
тігісінің ені 1...2 мм. Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда
әдіптің бос жиегі ашық жиектемелі қиықпен сырып тігілуі мүмкін.
Егер модельмен қарастырылса, әдіпті не көмкермені капюшонның
беткі жағына орналастырады.
Екіқабатты капюшонды
беткі ойындысы бойынша, екі
қабатты беткі жақтарын ішке қаратып қойып және беткі
ойындының қиықтарын сәйкестендіре отырып, жөрмеу тігісімен
өңдейді. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын капюшонның астыңғы
қабатына сырып тігеді. Егер капюшонды беткі жағына
айналдырғаннан кейін оның жиегі бойынша әрлегіш тігімді салса
бұл тігімді салмайды.
Капюшонның екі қабатының қиықтарын екі жабық қиықты
жиектемемен не көмкермемен шеттіктейді. Шеттіктер алдында екі
қабаттың сәйкестендірілген беткі қиықтарын қол немесе машина
тігімімен біріктіру қажет, ол тігімді қиықтардан 3...5 мм
арақашықтықта салады.
Екіқабатты капюшонның беткі ойындысы бүктеме тігіспен
өңделуі мүмкін. Бұл ретте ішкі және сыртқы капюшондарды ішкі
жағын ішке қаратып қояды, ішкі капюшонның беткі қиығын
сыртқы капюшондағы беткі қиық қосымшасының бүгілу
сызығымен сәйкестендіреді. Ішкі капюшонның қиығын сыртқы
капюшонның беткі ойындысының бүгіліс қосымшасымен бүгеді
және жабық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: