Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Тұтас пішілген жағаларды өңдеу



Pdf көрінісі
бет138/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Тұтас пішілген жағаларды өңдеу
 
Жеке өзі дайындалатын және дайын күйінде бұйыммен 
біріктірілетін қондырма жағадан айырмашылығы, тұтас пішілген 
жағаны бұйымды дайындау процесінде өңдейді. Үстіңгі жағаны 
қыр бойымен астыңғы жағамен біріктіруді соңғы кезекте өңірді 
өңдеумен қатар жүзеге асырады. 
Тұтас пішілген жағаларды дайындаған кезде мына тәртіп 
сақталады: мойын ойындысының тұсында алдыңғы бой мен артқы 
бойды қалыптайды; жаға бөліктерін қатырмалайды немесе оларды 
желімсіз іштіктермен біріктіреді; бүкпелерді сырып тігеді; жаға 
бөлшектері мен бұйым бөлшектерін біріктіреді; астыңғы жағаны 
үстіңгі жағамен жөрмейді және түймелікті өңдейді. 
Жағалардың конструктивтік ерекшеліктері әртүрлі болады, бұл 
оларды өңдеу реттілігінің өзгеруіне негіз болады. Бір операциялар 
жойылса, бір операциялар қосылады. 
Тұтас пішілген жағалардың бір-бірінен технологиялық өңделуі 
бойынша өзгешеленетін үш түрі бар: 

алдыңғы бойы не артқы бойы үстіңгі жағамен тұтас пішілген 
жағалар немесе тұтас пішілген тік жағалар; 

астыңғы жағасы алдыңғы боймен, ал үстіңгі 
жағасы 
өңірастымен тұтас пішілген жағалар; 

астыңғы жағасы қиылатын, ал үстіңгі жағасы өңірастымен тұтас 
пішілген жағалар. 
Тұтас пішілген тік жаға.
Оны дайындаған кезде үстіңгі 
жағамен тұтас пішілген алдыңғы бой мен артқы бойды өңдейді. 
Сонымен қатар, алдыңғы бой мен артқы бойдың мойын 
ойындысының пішілген әдіптерін пайдаланады. Тік жағамен және 
түймелікпен тұтас пішілген бұйымдарда алдыңғы жағынан тік 
жағаны өңдеген кезде артқы бойдың мойын ойындысының 
пішілген әдібін және өңірастымен тұтас пішілген алдыңғы бойдың 
Спинка – Артқы бой; Полочка – алдыңғы бой.
214


 
2.24
-сурет. Тұтас пішілген жағаларды өңдеу
пішілген әдібінің екі бөлшегін пайдаланады. 
Тұтас пішілген тік жағаны өңдеуді мойын ойындысы тұсында 
алдыңғы бой мен артқы бойды қалыптаудан бастайды. Тұтас 
пішілген жағаны жақсы қондырып, мойынға әдемі болып жатып 
тұруы үшін, алдыңғы бой мен артқы бойды 2.24, 
а 
суретінде 
көрсетілген бөліктерде қиықтар бойымен бүктейді. Бұл ретте артқы 
бойдың ортаңғы қиығын және ішінара иық қиықтарын түзейді. 
Тіктеменің биіктігі үлкен болған жағдайда иық қиығынан 50...70 
мм арақашықтықта орналасқан бөлікте алдыңғы бой мен артқы 
бойда жағаның үстіңгі қиығын созады. Созу дәрежесі материалдың 
қасиеттеріне және бүкпенің бар-жоғына байланысты. Созу 
дәрежесін материал құрылымы жылжымалы болған жағдайда, 
сондай-ақ мойын ойындысының қиығында бүкпе қарастырылған 
жағдайда кішірейтеді. 
Артқы бой мен алдыңғы бойда қалыптағаннан кейін, егер 
модельмен қарастырылса, мойын ойындысының бүкпелерін сырып 
тігеді (2.24-сурет, 
б
, 1-тігім). Сырып тігілген бүкпелерді бөлшектің 
215


ортасына қарай жатқыза үтіктейді. Егер бүкпенің ашпасы 7...10 мм- 
ден аспаса, ал бұйым материалының жақсы қалыптық қасиеттері 
болса, бүкпелерді жия үтіктеумен алмастырады. Оның алдында 
бүкпенің ашпасын мойын ойындысы сызығының бойымен қол 
инешаншымдарымен 
бекіте 
отырып, 
жиекке 
қондырады. 
Материалдың артық жерлерін мойын ойындысының бойымен ішкі 
жағынан жия үтіктейді. Жия үтіктегеннен кейін мойын 
ойындысының сызығын бөлшектің ішкі жағынан желімді жиекпен 
немесе модельде мүмкін болса, машина тігімімен бекітеді. 
Тұтас пішілген жағаның қиықтарын біріктіре отырып, алдыңғы 
бой мен артқы бойдың иық қиықтарын жиектеп торлайды (
2
-тігім), 
одан кейін сырып тігеді (
3
-тігім). Тігіс ені 10 мм. Сырып тігу 
тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. 
Алдыңғы бойдың мойын ойындысы мен артқы бойдың мойын 
ойындысының пішілген әдіптерін желімді ішікпен қатырмалайды 
немесе 
желімсіз 
іштікпен 
қатайтады. 
Алдыңғы 
бойдың 
өңірастымен тұтас пішілген мойын ойындысының әдіптерін 
бөлшектердің бүкіл беті бойынша қатырмалайды. Одан кейін 
әдіптердің иық қиықтарын ені 5...7 мм тігіспен сырып тігеді (
4

тігім), сырып тігу тігісінің қосымшаларын айыра үтіктейді. Әдіптің 
ішкі қиығын немесе әдіп пен өңірастының ішкі қиығын жиектеп 
торлайды (
5
-тігім), шеттіктейді немесе ашық қиықты бүктемелі 
тігіспен бүгіп тігеді. 
Дайындалған әдіптің беткі жағын жағаның беткі жағынан 
қаратып қояды, қиықтар мен әдіптің және тұтас пішілген жағаның 
иық қиықтарын сәйкестендіреді және ені 5...7 м тігіспен жөрмейді 
(
6
-тігім). Түймелікті бұйымда алдыңғы жағынан тұтас пішілген 
жағаны жөрмеумен қатар бүйір қиықтарын жөрмейді. Жөрмеу 
тігісінің қосымшаларын әдіпке ені 1...2 мм тігіспен сырып тігеді (
7

тігім). Егер моделі бойынша жағаның үстіңгі шетінің бойымен 
әрлегіш тігім өтсе, бүл тігімді жасамайды. Әдіптің ішкі жиегін иық 
тігістерінің қосымшаларында және бүкпелерде қол немесе машина 
инешаншымдарымен бекітеді. Модельмен қарастырылса, әдіптің 
ішкі шеті алдыңғы бойға және артқы бойға сырып тігілуі мүмкін. 
Алдыңғы бойы жағамен бір бөлшекпен, артқы бойы жағасыз 
пішілген бұйымның жағасын осыған ұқсас өңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет