Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жең аузын тұтас пішілген манжеталармен өңдеу



Pdf көрінісі
бет146/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Жең аузын тұтас пішілген манжеталармен өңдеу
Манжета деп жең аузын әрлейтін ұсақ бөлшекті айтады. Оның 
пішіні мен өлшемдері әртүрлі және модельге байланысты болады. 
Манжетаны, әдеттегідей, астарда дайындайды, ол манжетамен 
қосып тігілген немесе тұтас пішілген болады. Екі жақты 
материалдардан жасалған кейбір бұйымдарда манжета бірқабатты 
болуы мүмкін. Манжетаны астарсыз жұмсақ немесе желімдік не 
желімсіз астармен қатты етіп жасайды. Манжетаның ұштары тұйық 
немесе бос болады. Бос ұштарын түймемен, батырмалармен немесе 
ілмектермен бекітеді. Кейде манжетаның ұштарында түймеліктер 
болмайды. Манжетаның жеңмен тұтас пішілген және қима түрлері 
бар. 
Тұтас пішілген манжета жалпы түрі бойынша жең бүгілісінің 
үлкейтілген қосымшасы болып есептеледі, сондықтан манжетасыз 
жең сияқты бүктеме тігіспен өңделеді. 
Тұтас пішілген жұмсақ пішінді жеңді былай өңдейді. Ішкі 
жағында жең аузы бүгілісінің қосымшасын сырып тігу сызығын 
белгілейді. Жеңді беткі жағын ішке қаратып қояды да, ені 10 мм 
тігіспен сырып тігеді (2.26-сурет, 
а

1
-тігім). Сырып тігу тігісінің 
қосымшаларының бірін белгіленген сырыптігу сызығында кертеді. 
Жең тұсында кертпеге дейін сырып тігу тігісінің қосымшаларын 
жиектеп торлайды (
2
-тігім) және жатқыза үтіктейді. Кертпенің 
астында жиектелмеген қиықтарды айыра үтіктейді. 
Одан кейін жеңнің астыңғы қиығын ішкі жағына 7...10 мм-ге 
225


 
2.26
-сурет. Жең аузын тұтас пішілген манжетамен өңдеу 
бүктейді және жасалған бүгілісті белгі сызығымен сәйкестендіріп, 
жеңге ені 1...2 мм тігіспен сырып тігеді (
3
-тігім). Қалың 
материалдардан жасалған бұйымдарда жеңнің астыңғы қиығын 
жиектеп торлайды, одан кейін торланған жиекті жеңге сырып 
тігеді. Манжетаны беткі жағына модельмен қарастырылған шамаға 
бүгеді және оны жеңде бірнеше жерде қолмен немесе жасырын 
инешаншымдық машинада жасырын инешаншымдармен бекітеді 
(
4
-тігім). 
Қатты пішінді тұтас пішілген манжетаны өңдеуді астарсыз 
орындайды. Жеңнің ішкі жағында астыңғы қиықтан манжетаның 
еніне тең арақашықтықта орналасқан көмекші сызық жүргізеді. 
Жеңнің астыңғы қиығын ішкі жағына қарай бүктейді және оны 
белгіленген сызықпен сәйкестендіреді. Одан кейін астыңғы қиықты 
негізгі бөлшекпен бүгеді және оны бүгіп тігеді, бұл ретте тігімді 
манжета жақтан бүгілістен 3,5...5 мм арақашықтықта салады (2.26- 
сурет, 
б

1
-тігім). Жеңді беткі жағына бүгеді де, баса үтіктейді. Жең 
аузының бойымен әрлегіш тігім салынуы мүмкін, одан жеңнің 
астыңғы жиегіне дейінгі арақашықтық 3,5...5 мм. Одан кейін жеңді 
сырып тігеді (2-тігім), сырып тігу тігісінің қиықтарын жиектеп 
торлайды (
3
-тігім). Жеңнің астындағы сырып тігу тігісінің 
қосымшасын жеңге қосарлы кері 
4
-тігіммен сырып тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет