Тесьма – ызба; Эластичная тесьма – Созылмалы ызба.
2.31-сурет. Бұйымды бел сызығы бойынша өңдеу
демшені олардың бүйір қиықтарын біріктіріп, өңдегенге дейін не
кейін біріктіреді. Модельге байланысты көкірекше мен белдемшені
біріктірген кезде кез келген біріктіру тігістері пайдаланылуы
мүмкін. Көкірекшенің беткі жағын белдемшеің беткі жағына
орналастырады, қиықтар мен бақылау белгілерін сәйкестендіреді
және көкірекше жақтан сырып тігеді.
Көкірекшені белдемшемен біріктіруді инелерінің арасындағы
арақашықтығы 1,5 мм болатын екі инелі машинада немесе бір инелі
машинада тігісті созылып кетуден сақтау үшін көкірекше не
белдемше бойымен ызбаны сала отырып орындайды. Сырып тігу
тігісінің ені 10...15 мм. Сырып тігу тігісіне, егер модельмен
қарастырылса, белбеуге арналған бастырмалар не ілгектер салады.
Еге көкірекшеде белге дейін түймелік орналасса, онда түймеліктің
астыңғы шеттерін сырып тікпес бұрын бел сызығының бойымен
қиықтардан 8...12 мм арақашықтықта салынатын тігіммен бекітеді.
Көкірекше мен белдемше қиықтарын сырып тіккенге дейін немесе
одан кейін жиектеп торлайды. Қиықтар шеттіктелуі мүмкін.
Егер көкірекшеде не белдемшеде бүрмелер бар болса, онда
сырып тігу тігімін бүрмесі бар бөлшектің бойымен салады. Ызбаны
бүрмелі бөлшекке қояды да, бөлшектерді сырып тігу процесінде
біріктіреді. Ызба бүрмелі бөлшекке сырып тігер алдында қайып
тігілуі мүмкін. Егер көкірекше де, белдемшеде де бүрмелер бар
болса, онда сырып тігуді көкірекше жақтан жүргізеді, ал ызбаны
белдемшеге бастырып тігеді.
Көкірекше мен белдемшені біріктіруді сырып тігу-жиектеу
машинасында орындауға болады.
Тізбекті
инешаншымдық
машинаны
пайдаланған
кезде
көкірекшені белдемшемен ызбасыз бір тігіммен біріктіреді. Бел
сызығы жоғары, төмен немесе күрделі модельдерде көкірекше мен
белдемшені біріктірген кезде де осылай істейді.
Көкірекше мен белдемшені тұйық қиықты жапсырма тігіспен
Достарыңызбен бөлісу: