Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Жең аузын жиек тігістерімен өңдеу



Pdf көрінісі
бет145/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Жең аузын жиек тігістерімен өңдеу
 
Жең аузын кез келген жиек тігісімен өңдейді. Өңдеу алдында 
жеңнің ұзындығын дәлдейді, жең аузының сызығын және жең 
аузының бүгілу сызығын белгілейді. Жең аузының кедір-бұдыр 
жерлерін белгіленген сызықтың бойымен кесіп тастайды. 
Моделі мен материалдарының қасиеттеріне байланысты жең 
аузын жабық не ашық жиектемелі қиықты бүктеме тігіспен бүгіп 
тігеді, екі жабық қиықты жиектемемен не көлбеу көмкермемен 
шеттіктейді, пішілген әдіппен не көлбеу көмкермемен жөрмейді. 
Жең аузын өңдеуді жеңде аузының тұйық не тұйықталмаған 
сызығымен жүргізеді. 
Бүктеме тігісті түзу не ирек инешаншымдық сырып тігу 
машинасында немесе жасырын инешаншымдық арнайы машинада 
орындайды. Жасырын қайырма тігімді қолмен де орындауға 
болады. Жең аузын жиектемелі бүктеме тігіспен өңдеуге болады. 
Бұл жағдайда жиектеменің бір жиегін жең аузы қосымшасының 
беткі жағына, ал екінші жиегін жасырын инешаншымдық арнайы 
машинада жеңнің ішкі жағына сырып тігеді. 
Жең аузы бүгілісінің бүгіп тігілген қосымшасымен жасалған 
өткермеге созылмалы ызба қойылуы мүмкін. Өткерменің ені 
созылмалы ызбаның енінен 1...2 мм кеңірек. Ызба жең жиегінің 
бойымен немесе жең аузының сызығынан біраз арақашықтықта бір 
не бірнеше қатарда орналасуы мүмкін. Созылмалы ызбаның 
ұштарын ирек тігімді жапсырма тігіспен сырып тігеді. Ызбаның 
ұштары бірінен кейін бірі 15...20 мм-ге кіреді. Созылмалы ызбаны 
қозғауға арналған ілгекті жең аузы қосымшасының қосарлы 
қабатында шалып тігеді, ол жең аузының қиығын ішкі жағына 
7...10 мм-ге бүккен кезде жасалады. Жең аузының бүгіліс 
қосымшасын жең аузының белгіленген сызығының бойымен ішкі 
жағына бүгеді, созылмалы ызбаны салады және жең аузының 
бүгіліс қосымшасын жабық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді. 
Бүгіп тігу тігісінің ені 1 мм. Созылмалы ызбаның бірнеше қатарына 
жең аузының бойымен қажетті енде өткерме жасай отырып, 
бірнеше параллель тігімдер салады. Соңғы тігімді салар алдында 
жең аузының бүгіліс қосымшасының астына созылмалы ызбаны 
салады. Өткермеде қалған ызбаны түйреуіштің көмегімен қолмен 
қозғайды. Ызбаның ұштарын машинада жапсырма тігіспен сырып 
223


тігеді немесе қолмен 12...15 инешаншыммен бекітеді. 
Созылмалы ызбаны ирек тігіммен жайылған жеңге де сырып 
тігеді. Бұл жағдайда жең тұйықталмаған, ал жең қиығы өңделген 
болуы тиіс. Егер ирек тігімнің ені созылмалы ызбаның енінен 
үлкен болса, ине сырып тігу кезінде ызбаны теспейді. Бұл жағдайда 
жеңнің ені мен астыға жинақталу дәрежесін созылмалы ызбаны 
созу арқылы реттеуге болады. Созылмалы ызбаның ұштарын жең 
қиықтарын сырып тіккен және жиектеген кезде бекітеді. 
Аузы тұйықталмаған сызық бойынша өңделген жеңнің 
қиықтарын жеңнің өңделген астыңғы жиектері бір-біріне сәйкес 
келетіндей етіп сырып тігеді. Жеңді сырып тігу тігісінің 
қосымшасын жиектеп торлайды және жеңге астыңғы жиегіне 
ұзындығы 7...10 мм қосарлы кері тігіммен сырып тігеді. Тігімді 
жеңді сырып тігу тігісіне параллель жиектелген қиықтардан 3...4 
мм арақашықтықта салады. Жеңді сырып тігу тігісінің сырып 
тігілген қосымшасы беткі жағынан көрініп тұрмауы тиіс. 
Жеңнің астыңғы қиығын шеттіктеуді арнайы құрылғысы бар 
машинада жең аузының тұйықталмаған сызығының жанында 
жүргізеді. 
Одан 
кейін 
астыңғы 
шеттіктелген 
жиектерді 
сәйкестендіріп, жең қиықтарын сырып тігеді. Жең қиықтарын 
жиектеп торлайды. Шеттік ызбаның немесе көлбеу көмкерменің 
ұштарын жеңнің ішкі жағына қосарлы кері тігіммен сырып тігеді, 
бұл ретте тігімді шеттік ызбаға көлденең етіп салады. Қалың 
материалдардан жасалған бұйымдарда жең қиықтарын астыңғы 
қиықты шеттіктер алдында жиектерп торлайды. Шеттіктеуден 
кейін жең қиықтарын сырып тігеді, ал шеттік ызбаның ұштарын 
жеңді сырып тігу тігісінің жиектелген қосымшасының астына 
бүгеді және ызбаға көлденең салынатын қосарлы кері тігіммен 
бүгіп тігеді. 
Жең аузын кері тігіспен өңдеуді пішілген әдіпті не көлбеу 
жиектемені пайдалану арқылы жүргізеді. Моделіне байланысты 
әдіп не көмкерме жеңнің ішкі жағында да, беткі жағында да 
орналасуы мүмкін. Өңдеу алдында пішілген әдіп қатырмалануы 
мүмкін, ал көлбеу көмкерме жеңнің астыңғы қиығының пішіні 
бойынша қалыпталуы мүмкін. Әдіптің ішкі қиығын жиектеп 
торлайды. Егер кейінгі өңдеу кезінде әдіптің ішкі қиығы жеңге 
бүгіп не сырып тігілсе, онда әдіптің ішкі қиығының қосымшасын 
шаблон бойынша ішкі жағына жатқыза үтіктейді. Көлбеу 
көмкерменің ішкі қиығын шаблон бойынша көмкерменің ішкі 
жағына жатқыза үтіктейді. 
Дайындалған әдіпті не көмкермені жеңге жең аузының 
тұйықталмаған сызығынан қояды, қиықтарды сәйкестендіреді және 
жең аузына ені 5...7 мм тігіспен қосып тігеді. Тігімді әдіп жақтан 
224


салады. Қосып тігу тігісінің қосымшасын әдіпке беткі жағынан 
қосып тігу тігісінен 1...3 мм арақашықтықта сырып тігеді. Жеңді 
беткі жағын ішке қаратып салады, жең мен әдіп қиықтарын 
сәйкестендіреді және жең мен әдіпті қатар сырып тігеді. Сырып 
тігу тігісін әдіп ұштары мен жең аузының тұсында айыра үтіктейді. 
Айыра үтіктелген тұстан жоғары жеңді сырып тігу тігісінің 
қосымшаларын жиектеп торлайды. Әдіптің жатқыза үтіктелген 
қиығын жиектен 1 мм арақашықтықта бүгіп тігеді. Әдіпті жеңің 
ішкі жағына бүктейді, жең жақтан жиек жасай отырып, жеңнің 
астында әдіпті қосып тігу тігісін түзейді де, баса үтіктейді. Әдіптің 
ішкі жиегін арнайы машинада немесе қолмен жасырын 
инешаншымдармен тігеді. 
Әдіптің ішкі жиектелген не жатқыза үтіктелген жиегін, егер 
модельмен қарастырылса, жеңге сырып тігуге болады. 
Өнеркәсіптік өндірісте әдіпті жең аузына әдіп пен жең 
қиықтарын ішке қарай 5...7 мм-ге бүгу үшін арнайы құрылғысы бар 
екі инелі машинада жабық қиықты жапсырма тігіспен сырып тігеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет