Жеңнің үстіңгі және
астыңғы бөліктерінде (1.3-сурет,
в, г )
арқаужіп жеңнің алдыңғы қиығының үстіңгі және астыңғы
бұрыштарын біріктіретін сызыққа параллель өтуі тиіс. Жеңнің
үстіңгі бөлігінде біртегіс боялған матадан жасалған бөлшектер үшін
жол берілетін ауытқу 3... 4 см, астыңғы бөлігінде 6 %; жолақты не
торлы матадан жасалған бөлшектер үшін жеңнің үстіңгі бөлігінде 1,
төменгі бөлігінде 3 %.
Жеңнің үстіңгі және астыңғы бөліктерін біріктіру кезінде
қондырманы дұрыс болу үшін олардың шынтақ және алдыңғы
қиықтарында шынтақ сызығынан төмен және жеңтүптің үстіңгі
нүктесі мен астыңғы нүктесінде 10... 12 см кертпелер жасалуы тиіс.
Жең аузы бүгілмесінің ені 3 см-ден аз болмауы тиіс.
Астыңғы жағада (1.3-сурет,
е) арқаужіп модельге қарай
әрқалай өтуі мүмкін.
Маусымдық пальтода жаға ашық түймелікпен немесе үстіге
дейін көтерілетін түймелікпен болуы тиіс. Үстіге дейін көтерілетін
түймелігі бар пальтоның астыңғы жағасында арқаужіп жаға ұшына
параллель өтуі тиіс. Жол берілетін ауытқу 20 %. Ашық түймелігі
бар пальтоның жағасында арқаужіп раскеп сызығына параллель
өтуі тиіс. Арқаужіптен ауытқуға жол берілмейді. Әдетте, астыңғы
жаға екі бөліктен кесіп пішіледі.
Үстіңгі жаға (1.3-сурет,
ж ) біртұтас болуы тиіс. Үстіңгі жағаны
жаға қыры мен ұшы бойынша бүгілменің астымен біріктіру кезінде
үстіңгі жаға жаға қыры мен ұштары бойынша 1,5...2, ал тіктеме
қиығы бойынша астыңғы жағадан 0,5 см кеңірек кесіп пішіледі.
Әдіптелген тігіспен өңдеу кезінде жаға қыры мен ұштары бойынша
әдіп 0,75 см-ге тең болуы тиіс.
Жолақты не торлы матадан үстіңгі жағаны кесіп пішкен кезде
жаңа ұштарындағы суреттің симметриялы орналасуын, ал
ортасында артқы бойдағы суретпен сәйкес келуін қадағалау қажет.
Жағадағы түк тіктемеден жаға қырына бағытталуы тиіс. Арқаужіп
жағаның ортаңғы сызығына параллель өтуі тиіс.
Біртегіс матадан пішілген үстіңгі жаға үшін арқаудан жол
берілетін ауытқу 5 %, жолақты не торлы суреті бар мата үшін
ауытқуға жол берілмейді.