Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет12/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

алдыңғы жақ 
деп атайды, ал астыңғы 
жаққа дейін екі бөлікке қиылған алдыңғы бөлшекті 
алдыңғы бой 
деп атайды. Бұл ретте алдыңғы жақты ортасында (орталық) немесе 
аралас орналасуы мүмкін түймелікті жасау үшін қияды. 
Түймелік 
киімді емін-еркін киіп, шешуге, оған көлем беруге 
мүмкіндік береді. Бұйымның белгілі бір міндеті бойынша ол 
әрлегіш өңдеу қызметін атқаруы мүмкін. Қазіргі заманғы киімдерде 
түймелік торланған және құрастырып тігілген ілгек немесе 
түймемен бірге баудан жасалатын ілгек, шыртылдақ, ілмек, 
айылбас, сыдырма түймелік және текстильді жапсырма (жабысқақ) 
болып есептеледі. Бастан киілетін киімде және белдік киімде 
(белдемше, шалбар) түймелік әрқалай орналасуы мүмкін: алдынан, 
жанынан, артынан; егер мойын ойындысы айтарлықтай бос болса 
немесе белдік бұйым резеңкеден жасалса, түймелік болмауы да 
мүмкін. 
Қалта, манжета, планка, белбеу және т.б. бұйымның 
конструктивтік-декоративтік элементтері болып табылады. 
Астар бөлшектерінің пішіні көбінесе негізгі материалдан 
жасалатын бөлшек пішінін қайталайды. Негізгі бөлшектердің 
пішінін сақтап қалу үшін іштік бөлшектер қолданылады. Жылулық 
материалдан – ватиннен, синтепоннан, теріден (табиғи және 
жасанды) және т.б. жасалатын бөлшектер де іштік бөлшектер болып 
табылады. 
Бөлшек сұлбасын жасайтын шеттер 
қиықтар 
деп аталады. 
Технологиялық процесте бөлшектерді конструкцияға салынған 
кертпе арасында тігіс, қондырма қосымшаларын қалдырып, 
қиықтар бойынша біріктіреді. Өңдеу процесінде бірқатар 
операцияларды қысқартуға мүмкіндік беретін конструкциялар 
технологиялық конструкциялар деп аталады (мысалы, тұтас 
пішілген өңірастылы алдыңғы бой және т.б.) 
Тігін өнеркәсібі орталық ғылыми-зерттеу институтында 
бөлшектерді сәйкестендіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді, 
аталмыш жұмыс бөлшектерді бірнеше топқа бөлуге мүмкіндік 
берді; әрбір топтың шеңберінде бөлшектердің өлшемдері бірдей. 
15


Әртүрлі бөлшектердің конструкцияларын сәйкестендіру әртүрлі 
өлшем мен конфигурациядағы бөлшектерді – жағаларды, 
манжеталарды, қақпақшаларды, қалталарды және т.б. өңдеу үшін 
минималды 
қайта 
жөндеумен 
мамандандырылған 
тігін 
машиналарын және автоматты машиналарды пайдалану арқылы 
өңдеу әдістерін сәйкестендіру негізінде бөлшектер мен түйіндерді 
өңдеу әдістерін оңтайландыру міндетін шешуге жағдай туғызады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет