Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Реглан жеңдер мен тұтас пішілген жеңдерді өңдеу



Pdf көрінісі
бет191/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

3.8.3. 
Реглан жеңдер мен тұтас пішілген жеңдерді өңдеу
 
Реглан жеңнің бөлшектерін қатырмалайды (3.2-бөлімшені 
қараңыз), одан кейін шынтақ тұсында қалыптайды: шынтақ қиығы 
бойынша жия үтіктейді және алдыңғы қиық бойынша созады. 
Жеңнің алдыңғы және артқы бөліктерінің үстіңгі қиықтарын қайым 
немесе бастырам тігіспен біріктіреді. Тігіс қосымшаларын 
сәйкесінше айыра үтіктейді немесе жеңнің алдыңғы бөлігіне қарай 
жатқыза үтіктейді. Тігісті ылғалды жылумен өңдеуді екі жолмен 
жүргізеді: әуелі иық бөлігін, одан кейін жең аузынан бастап иық 
нүктесіне дейінгі бөлікті өңдейді.жеңнің астыңғы қиықтарын сырып 
тігеді және айыра үтіктейді. Үштігісті жеңде алдыңғы және шынтақ 
қиықтарын сырып тігеді және айыра үтіктейді. Одан кейін жең 
аузын қондырма жеңдердегі сияқты өңдейді. 
Қондырып тігер алдында жең мен бұйымда регланды біріктіру 
сызығының пішіні мен ұзындығын дәлдейді. Жең мен бұйым 
қиықтарын, бақылау кертпелерін сәйкестендіреді және тігімді жең 
жақтан сала отырып, жеңді қондырып тігеді. Бұл ретте реглан 
сызығының бойымен жеңнің артқы бөлігін қондыруды орындайды. 
Жеңді 
қондырып 
тіккеннен 
кейін 
қондырманы 
арнайы 
жастықшалары бар баспақта немесе үтікпен жия үтіктейді. Жеке 
өндірісте жеңді алдын ала көктеп алады, көктелген жеңнің 
қондырмасын жия үтіктейді, одан кейін жеңді бұйыммен 
біріктіреді. Жеңді қондырып тігу тігісін айыра үтіктейді немесе 
үстіңгі бөлігін ғана жатқыза үтіктейді. 
299


Моделіне байланысты реглан пішімі бұйымының негізгі 
бөлшектерінің қиықтарын біріктіру реттілігі өзгеруі мүмкін. 
Мысалы, әуелі жеңнің алдыңғы бөлігін алдыңғы боймен, жеңнің 
артқы бөлігін артқы боймен біріктіреді. Жеңнің үстіңгі қиықтарын 
сырып тігеді. Соңғы кезекте жеңнің астыңғы қиықатары мен 
бұйымның бүйір қиықтарын сырып тігеді. Реглан пішімі 
бұйымдарын құрастырудың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. 
Тұтас пішілген жеңді бұйымдарда жеңдерді қондырып тігу 
операциясы жоқ. Жең аузының бүгілу қосымшасын қатырмалайды. 
Жеңдердің үстіңгі және астыңғы қиықтарын қалыптайды. Артқы 
бой жақтан бұл қиықтарды жия үтіктейді, ал алдыңғы бой жақтан 
тартады. Бұған қоса, жеңге тиісті пішін беру үшін жеңнің ортасын 
шынтақ тұсында артқы бой жақтан біраз тартады, ал алдыңғы бой 
жақтан жия үтіктейді (3.17-сурет). Жеңнің конструкциясына 
байланысты оны қосымша қалыптау: иық нүктесінің тұсында 
алдыңғы бой мен артқы бой қиықтарын тарту, сондай-ақ жеңнің 
астыңғы қиығы мен бүйір қиықтың қиылысында алдыңғы бой мен 
артқы бой бөліктерін тарту мүмкін. Қалыптағаннан кейін 
қиықтарды желімдік жиекпен бекітеді. 
Жеңнің астыңғы қиықтарын бұйымның бүйір қиықтарымен 
қатар сырып тігеді. Тігістерді екі мезгіл айыра үтіктейді: әуелі бүйір 
тігісті жең аузынан жеңге дейін, одан кейін жеңнің астыңғы тігісін 
жең аузынан бүйір тігіске дейін. Тұтас пішілген жеңдерді көбінесе 
қозғалыс еркіндігін қамтамасыз ететін қолтық қиындыларымен 
конструкциялайды. Соңғы кезекте алдыңғы бой мен артқы бойдың 
иық қиықтарын жеңнің үстіңгі қиықтарымен бірге жабады. Сырып 
тігу тігісін айыра үтіктейді немесе алдыңғы бой жаққа екі рет 
жатқыза үтіктейді: әуелі иық тігісін, одан кейін жеңнің үстіңгі 
тігісін жең аузынан бастап иық нүктесіне дейін. Жең аузын 
қондырма жеңнің аузы сияқты өңдейді. 
3.17
-сурет. Тұтас пішілген жеңді өңдеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет