Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Қондырма жеңдерді бұйыммен біріктіру



Pdf көрінісі
бет190/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

3.8.2. 
Қондырма жеңдерді бұйыммен біріктіру
 
Қондырма жеңдерді бұйыммен біріктіру бұйымның сапасын көп 
жағынан айқындайтын күрделі әрі маңызды операциялардың бірі 
болып табылады. Жеңді қолтық ойындысына қондырып тігу кезінде 
бұйымның қолтық ойындысы мен жеңтүптің бақылау кертпелерін 
сәйкестендіру қажет. Кертпелердің орналасатын жерлерін бұйымды 
конструкциялау кезінде белгілейді. Жеке тіккен кезде кертпелердің 
орнын шақтап көру кездерінде дәлдейді. Бақылау кертпелерін 
міндетті түрде сәйкестендіру жеңтүп бойынша қондыруды дұрыс 
бөлуге мүмкіндік береді. 
Жеңтүпті қолтық ойындысымен біріктірер алдында олардың 
пішіні мен өлшемдерін тексеріп, дәлдейді. Жеңтүп пен қолтық 
ойындысында бірдей қондырып тігу тігістерінің қосымшаларын 
қалдыра отырып, артық және кедір-бұдыр жерлерді қиып тастайды. 
Жеке тіккен кезде жеңтүпті әуелі қолтық ойындысына көктейді, 
тігімді бұйым жақтан салады. Жеңді қондырудың дұрыстығын 
шақтап көру кезінде тексереді. Көктелген жең қондырмасын арнайы 
қалыпта жеңтүп қиығынан 20...30 мм енде жия үтіктейді. Одан 
кейін жеңді қолтық ойындысына қондырып тігеді, тігімді жең 
жақтан салады. Жеңді қондырып тігу тігісінің қондырып тігу 
тігімінің астынан өтуінен сақтау үшін қолтық ойындысының үстіңгі 
бөлігінде алдыңғы бой мен артқы бойдың ішкі жағынан желімсіз 
іштік мата кесіндісін салады. Жеңтүп қондырмасын жең жақтан 
қондырып тігу тігісінің қосымшаларына жапсыра тігеді. Тігімді 
жеңтүп қондырмасы бойынша жеңді қондырып тігу тігімінен 1...2 
мм арақашықтықта белгі салғыш машинада немесе қолмен ілгек 
тәрізді инешаншымдармен салады. 
Өнеркәсіптік өндірісте жеңдерді қондырып тігу үшін жеңтүптің 
әр бөлігінде біріктірілетін материалдар қабаттарының бірін қажетті 
қондыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін арнайы машиналарды 
пайдаланады. Қондырып тігу тігімін жең жақтан салады, жеңтүп 
пен қолтық ойындысының қиықтарын және олардағы кертпелерді 
298


сәйкестендіреді. Қондырып тігу тігімінің астына қолтық 
ойындысының үстіңгі бөлігінде алдыңғы бой мен артқы бой жақтан 
астарлы мата кесіндісін салады. Қондырып тігілген жең 
қондырмасын арнайы жастықшалары бар баспақта жия үтіктейді. 
Одан кейін жеңді қондырып тігу тігісінің қосымшаларына жеңтүп 
қондырмасы бұрын қосып тігілмеген жағдайда қосып тігеді. 
Жеңтүп қондырмасын жең жақтан бақылау кертпелері бойынша 
орналастырады және тігімді қондырып тігу тігімінен 1...2 мм 
арақашықтықта сала отырып, қосып тігеді. 
Жеңді қондырып тігу тігісінің қосымшаларына үстіңгі иық 
қондырмасын қосып тігеді, оның ортасын иық тігісінің сызығымен 
сәйкестендіреді. Қондырманың сыртқы шетінің жеңді қондырып 
тігу тігісінің қиықтарына қатысты орны модельмен анықталады. 
Қосып тігу тігімін бұйым жақтан белгі салғыш машинада немесе 
қолмен жеңді қондырып тігу тігімінен 1...2 мм арақашықтықта 
салады. Қондырманың ішкі шетін иық тігістерінің қосымшаларына 
бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет