Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Қайырмалы тері манжеталар



Pdf көрінісі
бет189/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қайырмалы тері манжеталар
. Оларды негізгі материалдан не 
астарлы матадан жасалған астармен ені 5...7 мм тігіспен жөрмейді 
(3.15-сурет, 
г

1
-тігім). Қажет болған жағдайда манжета астарын 
қатырмалайды. Жөрмеу тігісінің қосымшаларын манжета астарына 
жөрмеу тігімінен 2 мм арақашықтықта бастырып тігеді (
2
-тігім). 
Манжета мен манжета астарының бүйір жақтарын манжета жақтан 
ені 5 мм және манжета астары жақтан 7...10 мм тігіспен сырып 
тігеді. Манжетаны беткі жағына айналдырғаннан кейін түзеп, оған 
жасырын инешаншымдық машинада манжета астарын бекітеді (
3

тігім). 
Дайын манжетаны жең аузының бүгілу қосымшасына бүгілу 
сызығының бойымен ені 5 мм тігіспен қосып тігеді (
4
-тігім). Қосып 
тігілген манжетаны жеңнің беткі жағына бүгеді және манжетаның 
үстіңгі шетін жеңде үш-төрт жерде қол инешаншымдарымен 
бекітеді (
5
-тігім), оларды манжетаның үстіңгі шетінен 10...15 мм 
арақашықтықта орналастырады. Жең аузының бүгілу қосымшасына 
астарды қосып тігеді (
6
-тігім). 
Жеңнің астыңғы қиығын өңдегеннен кейін желімсіз тоқылмаған 
іштік материалдан жасалған жең мен жеңтүп қондырмасының 
алдыңғы бөлігін қатайтқышты қосып тіге отырып, сонымен бірге 
жеңтүпті қондыруды орындайды. Жеңтүптің алдыңғы бөлігін 
қатайтқышты жеңнің ішкі жағына 3.16, 
а 
суретінде көрсетілгендей 
етіп орналастырады. Ол жеңде жеңтүп қондырмасын қосып тіккенге 
дейін бекітілуі мүмкін. Жеңтүп қондырмасын жеңнің ішкі жағына 
желімдік не желімсіз іштіктің үстінен жапсырады. Оның орны 3.16, 
б 
суретінде көрсетілген. Қатайтқыш пен жеңтүп қондырмасын 
қосып тігу тігімін жеңтүп қиығынан 5 мм арақашықтықта арнайы 
машинада материалдың сырып тігілетін қабаттарының бірінің 
бөліктері бойынша қондыру дәрежесін реттей отырып салады. 
297
3.16-сурет. Жеңтүпте желімдік және желімсіз іштіктерді орналастыру 


Жеңтүпті қондыруды және оны жия үтіктеуді жеңді бұйымның 
қолтық ойындысына қондырып тігер алдында орындауға болады. 
Бұл жағдайда жеңтүптің алдыңғы бөлігін қатайтқышты жеңнің ішкі 
жағына қосып тігеді, ал жеңтүп қондырмасын соңынан жеңді 
қондырып тігу тігісінің қосымшаларына бекітеді. Пиджактың жеңін 
осы тәсілмен өңдейді. Басқа бұйым түрлерінде жеңтүпті өңдеген 
кезде жеңтүптің алдыңғы бөлігін қатайтқыш пен жеңтүп 
қондырмасын пайдаланбауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет