Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет202/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қалталарды өңдеу
. Көйлектерде қалталарды көбінесе тігіс 
ішінде жасайды. Жакеттерде бір не екі әдіпті, қақпақшалы, 
жапырақшалы, қондырма ұшты жапсырмалы және тілікті қалталар 
жасалуы мүмкін. Үлкен қалыңдығына байланысты бастырма 
ұштары бар жапырақшалы тілікті қалтаны сирек жасайды. 
Жапсырмалы қалталарды астармен жасайды. 
Түймеліктердің моделі бойынша кез келгенін жасайды (негізгі 
бөлшектердің тіліктерінде, тігістерде не бедерлерде, негізгі 
бөлшектердің тесік тіліктерінде). Бұл ретте бөлшектер мен 
тігістердің саны барынша аз конструкцияны таңдайды. Тігістерінің 
саны көп болуына және түймелік түйінінің қалыңдығы үлкен 
болуына байланысты бастырма планкалы тіліктердегі түймеліктерді 
317


мүлдем жасамайды. 
Жағаны өңдеу
. Негізгі материалдың айтарлықтай үлкен 
қалыңдығына байланысты жағаның бұйыммен біріктірген кезде 
қабаттардың ең аз санын беретін конструкциясын таңдаған дұрыс. 
Мысалы, лацканды өңірлері бар бұйымдарға жағаны астарлы 
бұйымдардағы сияқты қосады: астыңғы жағаны бұйымның мойын 
ойындысына қондырып тігеді, үстіңгі жағаны раскеп сызығы 
бойынша өңірастылармен сырып тігеді. Тігістердің қосымшалары 
айыра үтіктеп, өз арасында бекітеді. 
Қиылған тіктемелі жейделік жағаларды, ереже бойынша, үлкен 
қалыңдығының себебінен жасамайды. Тұтас пішілген тіктемелі 
жағаларға артықшылық беріледі. 
Жеңдерді өңдеу
. Жеңдерді дайын күйдегі түйіннің қалыңдығын 
ескере отырып, жалпы ережелер бойынша жасайды. 
ТРИКОТАЖ ЖАЙМАДАН ЖАСАЛҒАН 
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Трикотаж жаймаға тән қасиеттеріне жоғары созылымдылығы, 
қиықтардың орамдылығы, жайманың тесімділігі және ілгектердің 
тарқатылымы жатады. 
Трикотаждың жоғары созылымдығы мен қиықтарының 
орамдылығы оны төсеуді және пішуді қиындатады. Төсеуді 
жайманы созбастан жүргізу қажет. Жайманы төсегеннен кейін оны 
төсемде бәсеңдеуіне уақыт беру керек. Лекалоны жаю мен суретін 
салуды, әдеттегідей, бірақ әсіресе жайма шеттері бойынша 
лекалоны бекіту үшін көп мөлшерде қысқыштар мен жүкшелерді 
пайдалану арқылы жүргізеді. 
Трикотаж инемен тесіліп қалуға бейім, сондықтан одан бұйым 
тіккен кезде үшкір жіңішке № 65...75 инелерін және дөңгелек 
қайрақты ұшы бар, арнайы трикотажға арналған инелерді 
пайдаланады. Жіптерді әдеттегідей инелердің қалыңдығына сәйкес 
таңдайды. 
Трикотаж жаймадан жасалған бөлшектерді арнайы тізбекті не 
қайықты ілмекөрім тігімімен сырып тігеді. Инешаншым ені 0,5...1 
мм және ұзындығы 2,5...4 мм ирек тігім пайдаланылуы мүмкін. Жіп 
керілімі үлкен болмауы тиіс. Бөлшектерді сырып тігуді тізбекті 
инешаншымдық сырып тігу-жиектеу машинасында қиықтарды 
жиектей отырып, қатар орындайды. Сонымен қатар, сырып тігу 
үшін шеттік торлау машиналарын пайдаланады. Сырып тігу тігімін 
орындау кезінде сырып тігілетін бөлікте бөлшектің ұзындығын 
сақтап қалу негізгі талап болып табылады. Трикотаж жайма 
318


құрылымының тым қозғалмалылығының салдарынан жайма 
қиықтары созылып кетеді, бұл дайын бұйымда сырып тігу тігісі 
бойынша көлденең қатпарлардың пайда болуына әкеледі. Мұндай 
ақаулыққа жол бермеу үшін материалдың ине астына берілісін және 
табандық қысымын дұрыс реттеу қажет. 
Бұйымның барлық біріктіру тігістерін тізбекті инешаншымдық 
машиналарда орындайды. Бүкпелерді сырып тігу, ызбаны қосып 
тігу, түймеліктерді өңдеу, жағаны қондырып тігу және жиектік 
қиықтарды бастырып тігу үшін қайықты инешаншымдық тігімдерді 
пайдалануға болады. 
Иық қиықтарын, жеңтүптің үстіңгі бөлігін қолтық 
ойындысымен, жағаның астыңғы қиығын артқы бойдың мойын 
ойындысымен, реглан жеңнің қиықтарын, бүйір қиықтарды 
біріктірген кезде (ірі ілгекті құрылымдық трикотаждан жасалған 
бұйымдарда) қиықтардың созылып кетуіне жол бермеу үшін тігім 
астына ызба салады. 
Бөлшек қиықтарын, өңірасты мен әдіптердің ішкі қиықтарын 
тізбекті инешаншымдық шеттік торлау машиналарында жиектеп 
торлайды. Бөлшектердің шеттерін жазық тігісті екі инелі машинада 
бүктеме тігіспен өңдейді. Киімнің жиектелген шетін тізбекті 
инешаншымдық бір инелі машинада бүгіп тігеді немесе жасырын 
тізбекті инешаншымдық машинада жапсыра тігеді. Бөлшектердің 
қиықтарын ілгекті қатар бағытында пішілген трикотаж жайма 
кесінділерімен шеттіктейді. 
Жағалар, манжеталар, өңірастылар, плакналар және басқа да 
бөлшектер трикотаж не мата негізіндегі желімдік іштік 
материалдармен қатырмалануы мүмкін. Желімдік іштіктер желімсіз 
іштіктермен алмастырылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет