қосымшасының ішкі жағынан қосып тігеді. Қалтаны бастырып
тіккен кезде оның үстіңгі бұрыштарының астына бұйымның ішкі
жағынан желімдік не желімсіз қатайтқыштар салады.
Тігіс ішіндегі қалталарды астарсыз бұйымдардағы сияқты
өңдейді (2.13-суретті қараңыз). Одан айырмашылығы – өңдер
алдында қалта аузын бұйымның ішкі жағынан ызбамен қатайтады.
Тілікті қалталарды сирек жасайды. Оларды өңдеу реттілігі
астарсыз бұйымдарда қолданатын реттілікке сәйкес келеді (2.14-
суретті қараңыз). Негізгі бөлшекті тілу орнын ішкі жағынан
желімдік не желімсіз іштікпен қатайтады.
Өңірлер мен түймеліктерді өңдеу
. Өңірлерді тұтас пішілген
етіп жасайды. Оларды созылып кетуден, іштікпен не ызбамен
қатайту арқылы сақтайды. Желімдік іштікті өңірастының ішкі
жағына өңір қиығынан 5...6 мм арақашықтықта бастырып тігеді.
Одан кейін өңірасты мен іштіктің ішкі қиықтарын жиектеп
торлайды. Ызбаны пайдаланған кезде оны өңірастының ойығы мен
шеті бойынша ішкі жағынан негізгі бөлшектің қиығынан 20...25 мм
арақашықтықта бастырып тігеді. Ызбаны ілгектер мен түймелердің
орналасу сызығы бойынша да салады.
Бұйым түймелігінің тілігін ілгекті қатар бағытында кесілген
көмкермемен ашық жиектік қиықты шеттіктеу тігісі арқылы
өңдейді. Тігіс ені 5...7 мм.
Сыдырма түймелікті бұйымның тілігіне былай қондырып тігеді:
оны негізгі бөлшекпен бетпе-бет тілік сызығының бойымен салады,
үстіңгі қиықтарды теңестіреді және тігімді ызба бойынша
түйіндерді бойлай олардан 2 мм арақашықтықта сала отырып,
негізгі бөлшекке қосып тігеді. Негізгі бөлшекті тігімдердің
арасынан кеседі, сыдырма түймелікті беткі жағына айналдырып,
негізгі бөлшекке оның беткі жағынан бастырып тігеді. Бастырып
тігу тігімі түйіндерге параллель болуы тиіс және олардан 8...10 мм
арақашықтықта болуы тиіс.
Сыдырма түймелік тігісте орналасқан жағдайда оны сырып тігу
тігісінің қосымшаларына бұйымның ішкі жағынан жапсырады да,
негізгі бөлшектің беткі жағынан бастырып тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: