Белгілеуді ішкі жағынан жүргізеді: өңірдің бүгілу, етектің
қайырылу сызықтарын, қалталардың орналасатын жерлерінің
сызығын белгілейді.
Желімдік немесе желімсіз іштіктер модельге байланысты
лацкандарға, өңірлерге, жапырақшаларға, қақпақшаларға, жең аузы
мен бұйымның бүгілу қосымшаларына салынуы мүмкін. Желімсіз
іштіктерді резеңке желіммен жапсырып, артынан тігістерде
бекітеді.
Желімдік және желімсіз іштіктерді алдыңғы бойдың иық
қиықтары, артқы бой мен алдыңғы бойдың қолтық және мойын
ойындылары, жапсырмалы қалтаның үстіңгі шеті, өңірлердің шеті,
шлациалар, бұйым етегі және басқа да бөліктер бойынша салады.
Жиек ретінде жабысқақ таспа пайдаланылуы мүмкін.
Бүкпелерді, әдеттегідей, тілікті етіп жасайды. Егер бүкпелер
тілінбейтін болса, онда оларды әуелі сырып тігеді, одан кейін
бастырып тігеді.
Ұсақ бөлшектерді (бастырмалар, паталар, белдікшелер,
белдіктер) жабық қиықты жапсырма тігіспен өңдейді.
Қалталарды өңдеу
.
Қалталарды көбінесе тігістер мен
бедерлерде орналастырады. Жапсырмалы және тілікті қалталар
дажасауы мүмкін. Жапсырмалы қалталарды астармен жасайды.
Қалта аузын бөлшектің ішкі жағынан іштікпен қатайтады. Қалта
астарын
бөзден
не
астарлы
материалдардан
жасайды.
Жапырақшалар мен қақпақшаларды астармен тұтас пішімді немесе
пішімді етіп пішеді. Шілтерлер мен әдіптерді қалта астарына
қиықтарды бүкпестен бастырып тігеді.
Бөлшектерді біріктіру
. Жоғарыда атап өткендей, бөлшектерді
біріктіру қайым, айырма, бастыма немесе жапсырма тігістермен
жүзеге асырылады. Жапсырма тігістерді екі тігіммен орындайды.
Қайым тігісін орындағаннан кейін оның қосымшаларын болар-
болмас қыздырылған үтікпен айыра үтіктейді. Үтіктегіш беттің
температурасы 80°С-тан аспауы тиіс. Сырып тігу тігісінің
қосымшаларына резеңке желім жағады, ол қосымшаларды айыра
тігу тігімдерін алмастырады.
Түймелік өңірлерінің тұтас пішімді не қималы өңірастылары
болуы мүмкін. Олар бір жабық қиықты немесе екі ашық қиықты
жапсырма тігіспен өңделуі мүмкін.
Тұтас пішімді өңірастын пайдаланған жағдайда жиекті өңірасты
жақтан өңірдің бүгілу сызығы бойынша салады. Әрі қарай жиек
өңір шетінің бойымен салынатын әрлегіш тігіммен бекітілуі тиіс.
Егер қималы өңірасты пайдаланылса, жиекті алдыңғы бой өңірінің
шеті бойынша ол өңірді жөрмеу тігімінің астына кем дегенде 1 мм-
Достарыңызбен бөлісу: