қиықтардан не бүгілістен 2...3 мм арақашықтықта салады.
Бұйымның мойын ойындысына үстіңгі және астыңғы жағаларды
жеке-жеке қондырып тігеді. Жағаларды қондырып тігу тігісі айыра
тігілуі мүмкін (4.4-сурет,
г
).
Жеңдерді ашық не жабық қолтық ойындысына қондырып тігеді.
Жеңді қондырып тігу тігісін көбінесе бастырып тігеді. Жең аузын
ашық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді.
Бұйымдарды астармен жөрмейді. Етегі бойынша қосып тігілген
астар дәстүрлі жолмен өңделуі мүмкін. Бірқатар жағдайларда астар
астын бүгіп тігеді, оны бұйым мен бұйым етегінің бүгілу
қосымшасының арасына салады. Егер астардың бір шеті ашық
болса, бұйым етегі мен астар етегін бөлек-бөлек бүгіп тігеді.
Достарыңызбен бөлісу: