Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет212/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
 
1.
Жұқа мөлдір материалдардан жасалған тігін бұйымдарын 
технологиялық өңдеудің ерекшеліктері қандай? 
2.
Барқыттан жасалған тігін бұйымдарын қалай өңдейді? 
3.
Трикотаж жаймадан жасалған тігін бұйымдарын 
өңдеудің ерекшеліктері неде? 
4.
Үшқабатты сырмалы жаймадан жасалған тігін бұйымын 
өңдеу ерекшеліктерін атаңыз. 
5.
Табиғи былғарыдан жасалған тігін бұйымын өңдеу 
ерекшеліктерін атаңыз. 
6.
Үлдірлі жабыны бар материалдардан жасалған тігін 
бұйымдарын пішкен кезде қандай факторларды ескеру 
қажет? 
7.
Құрамында полиуретан жіптері бар материалдардан 
жасалған тігін бұйымдарын өңдеу ерекшеліктерін атаңыз. 
329


5-тарау
 
 
ТІГІН ЦЕХТАРЫНЫҢ АҒЫНДАРЫН 
ЖОБАЛАУ
 
 
 
ТІГІН БҰЙЫМДАРЫН ӨҢДЕУ РЕТТІЛІГІ
Оқулықтың алдыңғы тарауларында киім өңдеудің – бөлшектерді 
түйіндерге біріктіруден бастап, бұйымды монтаждауға және оны 
соңғы әрлеуге дейін – түрлі кезеңдерімен таныс болдыңыздар. 
Оқу материалындағы білімді практикалық дағдылармен 
ұштастыра отырып, өз бетіңізше бұйым тіге аласыз. Киімді жеке өзі 
ғана емес, сондай-ақ ұжым болып – ательеде не тігін кәсіпорнында 
дайындауға болатыны белгілі. Оқулықтың келесі тарауларында 
бұйымды ұжымдық дайындау процесін ұйымдастыру кезеңдерімен 
танысатын боласыз. 
Бұйымның 
қандай 
реттілікпен 
жасалатынын, 
қандай 
операциядан кейін қай операция жүретінін және бұл операциялар 
қандай жабдықтың көмегімен орындалатынын көз алдыңызға 
елестетіп көріңіз. Осы сұрақтардың барлығына тігін бұйымдарын 
өңдеудің технологиялық реттілігі жауап береді, ол: 

технологиялық жағынан бөлінбейтін операциялардың тізбесін; 

осы операцияларды орындау реттілігін; 

осы операциялар орындалуы мүмкін шарттардың сипатын; 

осы операциялар орындалуы мүмкін уақыт нормаларын 
қамтиды. 
Тігін бұйымдарын өңдеудің технологиялық реттілігі кесте 
түрінде беріледі (5.1-кесте). Осы кестені құрастыру үшін қажетті 
бірқатар ұғымдарды түсіндіре кетейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет