Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


Бұйым өңдеудің технологиялық реттілігі



Pdf көрінісі
бет272/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

6.3.3.Бұйым өңдеудің технологиялық реттілігі
 
Бұйым өңдеудің технологиялық реттілігі шартты бұйым үшін 
технологиялық бөлінбейтін операциялар бойынша түйіндерді 
өңдеудің таңдалған кезектілігін ескере отырып, минималды күрделі 
операцияларды және күрделі элементтерді, шақтап көруге даярлау, 
дәлдеу және шақтап көргеннен кейінгі өңдеу жөніндегі 
операцияларды бөлу арқылы құрастырылады.
Пальто-костюм сұрыпталымындағы иықты 
бұйымдарды өңдеудің реттілігі
Пальто-костюм сұрыпталымындағы бұйымдарды шақтап көруге 
даярлау әдетте белгілі бір реттілікпен орындалады.
Бөлшектерді бастапқы өңдеу, ол мыналарды қамтиды:

желімдік іштіктерді дайындау; 

алдыңғы бойларды желімдік іштіктермен қатырмалау; 

жылулық іштіктерді дайындау; 

бөлшектерге көшірмелі инешаншымдар салу; 

ылғалды жылумен өңдеу арқылы бөлшекті қалыптастыру; 

иініштерді өңдеу және оларды бөлшектермен біріктіру; 

өңір іштікпен жабылатын алдыңғы бойлардағы бүкпелерді, 
тігістерді және қатпарларды өңдеу; 

алдыңғы бойларды өңір іштіктермен біріктіру; 

лацкандарды 
сыру 
(алдыңғы 
бойлары 
қатырмаланған 
бұйымдарда); 

жағаны өңдеу; 

жеңдердің алдыңғы тігістерін өңдеу; 

жиектерді артқы бойдың қолтық, мойын ойындылары, алдыңғы 
бойдың иық қиықтары бойынша қосып тігу. 
Бұйымды уақытша құрастыру, ол мыналардан тұрады: 

артқы бойды, жеңді, бүйір және иық қиықтарын қондырып және 
бүгіп көктеу; 
429



бұйым етегі мен жең аузының бүгілу қосымшаларын бүгіп 
көктеу; 

астыңғы жағаны мойын ойындысына қондырып көктеу; 

жеңді қолтық ойындысына қондырып көктеу (әйелдер 
бұйымдарында оң жақ, ерлер бұйымдарындағы сол жақ); иілген, 
еңкіш, иықтарының биіктігі әртүрлі денебітімге арналған 
бұйымдарда шақтап көруге екі жеңді қондырып көктейді. Тұтас 
пішілген жеңді бұйымдарда жеңдердің үстіңгі қиықтарын 
бұйымның иық қиықтарымен, астыңғы қиықтарын бүйір 
қиықтарымен бір уақытта көктейді; реглан пішімді бұйымдарда 
жеңдерді қолтық ойындысына астыңғы жағаны мойын 
ойындысына қондырып көктегенге дейін қондырып көктейді. 
Шақтап 
көруді 
және 
бұйым 
бөлшектерінің 
лекало 
жайылмасының суретін салуды пішуші орындайды. 
Шақтап көргеннен кейін киім бөлшектері мен түйіндерін 
мынадай реттілікпен өңдейді: 

шақтап көру кезінде өзгеріске ұшыраған бүкпелерді, тігістерді, 
қатпарларды сырып тігеді; 

өңірлерді, жағаны өңдейді; 

жеңді, бұйым астарын сырып тігеді. 
Құрастыру (монтаждау) реттілігі көбінесе бұйымдағы жең 
пішімімен анықталады. 
Қондырма жеңді бұйымдарды құрастыру мынадай реттілікке ие: 

бүйір қиықтарды біріктіру, бұйым етегін өңдеу; 

иық қиықтарын біріктіру, жағаны мойын ойындысымен 
біріктіру; 

жеңдерді қолтық ойындысымен біріктіру; 

астарды бұйыммен біріктіру. 
Өңірастылармен тұтас пішілген жағалы бұйымдарда өңір мен 
жағаны астыңғы жағаны мойын ойындысымен біріктіргеннен кейін 
бір уақытта өңдейді. 
Соңғы әрлеуге ілгектерді жиектеп торлау, жіптерді алып тастау, 
тазалау және бұйымды соңғы ылғалды жылумен өңдеу, сондай-ақ 
түймелерді тағу жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет