Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет273/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Шалбарды өңдеу реттілігі
Ерлер шалбарында әуелі ұсақ бөлшектерді, одан кейін алдыңғы 
және артқы бөліктерін өңдейді. Одан әрі өңдеу реттілігі модельге 
байланысты өзгеруі мүмкін. 
Үлгілік модельдер үшін реттілік мынадай: 

астарды алдыңғы бөлікпен біріктіру; 

шалбар бөліктерінің қиықтарын өңдеу; 
430



қалталарды өңдеу, бүйір қиықтарды біріктіру; 

түймеліктерді өңдеу; 

адым қиықтарын біріктіру; 

үстіңгі шетті және ортаңғы қиықтарды өңдеу; 

етекті өңдеу; 

соңғы әрлеу (тазалау, ылғалды жылумен өңдеу, түйме тағу). 
Көйлек-блузка сұрыпталымындағы иықты 
бұйымдарды өңдеу мен құрастыру реттілігі
Көйлек-блузка сұрыпталымындағы бұйымдарды өңдеу реттілігі 
мынадай операцияларды қамтиды:

шақтап көруге даярлау; 

бөлшектерді шақтап көру және дәлдеу; 

бөлшектерді өңдеу және бұйымды құрастыру; 

соңғы әрлеу. 
Бұйымды шақтап көруге мынадай жолмен даярлайды. 
Бастапқыда ұсақ және декоративтік-әрлегіш бөлшектерді өңдеуді 
орындайды; бүкпелерді, қиықтарды, тігістерді көктейді; астыңғы 
жағаның ортаңғы қиықтарын көктейді не сырып тігеді; жеңтүп және 
жең аузы бойынша бүрмелерді, қатпарлар мен бүкпелерді өңдейді; 
жең қиықтарын өңдейді. Уақытша құрастыру кезінде бүйір және 
иық қиықтарын, бел сызығының бойымен қиылған бұйымның 
үстіңгі және астыңғы бөліктерін көктейді. Бұйым етегі мен жең 
аузын бүгіп көктейді; декоративтік-әрлегіш және ұсақ бөлшектерді 
қосып көктейді немесе олардың орналасатын тұстарында жіптер 
салады; жағаны мойын ойындысына қондыры көктейді немесе жиек 
салады; оң жақ жеңді қондырып көктейді, ал еңкіш немесе 
иықтарының деңгейі әртүрлі денебітіміне арналған бұйымдарда екі 
жеңді де қондырып көктейді; реглан пішімді жеңді бұйымдардың 
қолтық ойындылары бойынша жиектер салады; жең қиықтарын 
көктейді және тұтас пішілген жеңді бұйымдарда қолтық 
қиындыларын қондырып көктейді; бұйымды баса үтіктейді. 
Шақтап көргеннен кейін соңғы рет бүкпелерді, бедерлерді, 
қатпарларды және шақтап көру кезінде өзгеріске ұшыраған басқа да 
элементтерді өңдейді; жапсырмалы қалталарды біріктіреді; 
түймеліктерді, жаға мен жеңді өңдейді. 
Құрастыру процесінде бүйір және иық қиықтарын, жағаны 
мойын ойындысымен, жеңді қолтық ойындысымен біріктіреді
жағасыз 
және 
жеңсіз 
бұйымдарда 
мойын 
мен 
қолтық 
ойындыларынн өңдейді; бел сызығының бойымен қиылған 
бұйымдарда үстіңгі және астыңғы бөліктерді біріктіреді; бұйым 
431


етегін өңдейді. 
Соңғы әрлеу кезінде бұйымнан жіптерді, бор іздерін алып 
тастайды, ода кейін ылғалды жылумен өңдеуді орындайды. Дайын 
бұйымға түймелерді, әрлегіш бөлшектерді тағады. 
Технологиялық өңдеу реттілігін 6.3-кесте нысанында ұсынады. 
Мамандықты операцияны орындаудың бірінші әрпімен 
белгілейді. 
Разряд тігін өнеркәсібі жұмысшыларының жұмыстары мен 
кәсіптерінің тарифтік-біліктілік анықтамалығынан алынады. 
Уақыт нормас, мин, Еңбек ҒЗИ шығарған «Еңбек бөлінісі бар 
жұмыстарды ұйымдастыру кезінде жеке тапсырыстар бойынша 
киім тігу технологиялық операциясына арналған уақыттың үлгілік 
нормалары» жинағынан (М., 1980) алынады. 
Шартты 
бұйым 
дайындау 
кезінде 
операциялардың 
қайталанушылығы ұсынылатын 10 модельдің және тапсырыс 
берілетін бұйымдар жиынтығында элементтердің қайталанушылы- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет