Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет305/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

МАТЕРИАЛДАРДЫ ТӨСЕУ
Тігін өнеркәсібінде бұйымдарды негізінен төсеммен пішеді. 
Төсем 
– төсеме үстелде бір-біріне салынған және қима сызық 
бойынша және жиектердің бірі бойынша теңестірілген, қиюға 
арналған бірнеше материал жаймасы. 
Төсемде жайма әрқалай: айналып (беткі жағын төмен қаратып 
және беткі жағын беткі жаққа қаратып) және бүгіліп орналасуы 
мүмкін. 
Өң бетін төмен қаратып төсеген кезде барлық төсем 
материалдарының беткі жағы төмен қарап орналасады. Бұл ретте 
жаймалардың саны төсемнің биіктігіне қарай жұп та, тақ та болуы 
мүмкін. Төсемде жаймалардың бұлай орналасуы бұйымдар мен 
материалдардың барлық түрлері үшін қолайлы және сыңар не 
симметриялы емес ірі бөлшектері бар бұйымдар (мысалы, алдыңғы 
бойлары симметриялы емес әйелдер көйлегі) үшін қажет. 
Жаймаларды беткі жағын төмен қаратып төсеудің кемшілігі – мұнда 
жұп бөлшектер бөлек пішіледі, ал бұл пішу кезінде ақаулардың 
пайда болуына әкелуі мүмкін. Бор сызушы мұндай бөлшектерді 
бормен сызған кезде аса мұқият болуы тиіс. 
Жаймаларды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеген кезде 
кезек-кезекпен беткі жағын жоғары қаратып және беткі жағын 
төмен қаратып төсейді; үстіңгі жайманың беткі жағы үнемі төмен 
қарап орналасады, сәйкесінше жаймалардың саны мұндай төсеу 
кезінде жұп болады. Пішілетін бұйымның бөлшектері екі іргелес 
жаймадан жинақталады. Өнеркәсіпте беткі жағын беткі жаққа 
қаратып төсеген кезде көбінесе бірнеше жартылай лекало 
жинақтарынан тұратын көп бөлшекті жайылмаларды пайдаланады, 
мысалы сыңар бөлшектері бар (тұтас артқы бой, үстіңгі жаға және 
т.б.) пальто, костюмдерді дайындаған кезде. Бұл ретте екі жартылай 
жинағы бар жайылмаға бір сыңар бөлшекті қояды. Пішу кезінде 
жаймалар жұбындағы бір бөлшек бір бұйымға, екінші бөлшек 
екінші бұйымға тиесілі болады. 
Жаймаларды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеу көп 
жинақты жайылмалар жағдайында анағұрлым үнемді болып 
492


табылады. Пішім дәл болып шығады (себебі жұп бөлшектерді бір 
уақытта қияды), бұл ретте жұп бөлшектерді одан әрі «іріктеудің» 
қажеті жоқ. Егер төсемге арналған мата тілімдері әртүрлі реңкте 
болса, жаймаларды беткі жағын беткі жаққа қаратып төсеу тиімсіз 
болады. 
Жаймаларды бүгіп төсеуді оның өнеркәсіптегі үнемсіздігіне 
байланысты кейде қалдықтарды пішу үшін ғана пайдаланады. 
Жаймаларды төсеу кезінде мынадай техникалық талаптар 
сақталады: 

жаймаларды керілген, қиғаш, босаң жерлерсіз (қыртыстарсыз) 
орналастырады; 

жаймаларды төсемнің алдыңғы шеті бойынша және жиектерінің 
бірін бойлай теңестіреді; 

торлы не жолақты ірі суреті бар материалды беткі жағын беткі 
жаққа қаратып төсеген кезде жұп жаймаларда суретті 
сәйкестендіреді; 

түкті маталарды төсеген кезде түктің бағыты барлық жаймаларда 
бірдей болуын қадағалайды; 

бірнеше түсті (артикулды) материалдарды төсеген кезде әуелі бір 
түстегі (артикулдағы), одан кейін басқа түстегі және т.б. 
материалдарды төсейді; 
Өнеркәсіпте әдеттегі пішу машиналарын пайдаланған кезде 
төсемнің барынша жол берілетін мынадай биіктіктері қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет