■
берілген модель түріне арналған материал тілімдерінің
паспортына
сәйкес,
материал
тілімдерінің
ұзындығын
анықтайды.
Бастапқы деректерді материалды есептеу картасына енгізеді де,
оны есепші операторға табыстайды.
Бір есептеу үшін тілімдерді іріктеу кезінде талшық құрамы
әртүрлі, әртүрлі сипаттағы түкті және түксіз, біртегіс боялған және
суретті, ені әртүрлі материал тілімдерін біріктіруге жол берілмейді.
Төсемдерге конфекциялық картаға сәйкес түсі мен артикулдары
әртүрлі материал тілімдерін біріктіруге жол беріледі.
Есепші оператордың міндеті берілген материал тілімін,
қалдықтары аз, биіктігі жоғары төсем алу үшін барлық бастапқы
деректерді ескере отырып, есептеуден тұрады.
Материал тілімдерін есептеудің екі тәсілі бар – қолмен және
автоматтандырылған (машинамен).
Тілімдерді қолмен есептеу тәсілін есепшоттар, арифмометрлер,
үстел үстілік есептеуіш машиналар сияқты қарапайым есептеуіш
құралдардың көмегімен орынайды. Есептеуді алдына ала көмекші
кесте құрастыру арқылы жеңілдетуге болады, аталмыш кестеде
берілген сұрыпталым үшін ең кішісінен бастап, ең ұтымдысына
аяқтай отырып, жаймалардың ұзындығы және жайылмадағы лекало
жинақтарының саны көрсетіледі.
Төменде қолмен есептеуге арналған тілім ұзындықтарының
көмекші кестесінің мысалы келтірілген (7.5-кесте).
Кестені
мынадай
жолмен
құрастырады.
Жаймалардың
ұзындығын 1 см аралықпен көрсетеді. Жайманың әрбір ұзындығы
үшін екі, үш, төрт және т.б. жайма ұзындықтарының қосындысына
Достарыңызбен бөлісу: