тағандар, жинақтағыштар.
Механикаландырылған төсеу анағұрлым технологиялық тәсіл
болып табылады. Ол төсеу процесінде пішілген бөлшектердің
босаңдануына және олардың эталон-лекалоларға сәйкес келмеуіне
әкелетін материалдың әркелкі керілуіне жол бермейді. Сонымен
қатар, материалды механикаландырылған төсеу өнімділікті
арттырып, жұмысты жеңілдетеді.
Өнеркәсіпте
пальтолық
және
костюмдік
маталарды
механикаландырылған төсеуге арналған жабдықтардың екі типін
пайдаланады. Бірінші типтегі жабдықта матаны орамнан төсеу
қарастырылған. Олар: материалды ұзын төсеме үстелдерде төсемді
сатылап орналастырып құрама тәсілмен механикаландырылған
төсеуге арналған МНК-1, МНК-2 кешендері (7.10-сурет) және
жаймаларды тізбекті тәсілмен төсеуге арналған жартылай
автоматты төсеу кешені (ЖТК).
7.10
-сурет. Материал төсеуге арналған МНК-1 кешенінің сыртқы түрі
Достарыңызбен бөлісу: