қиықтарының лекалодан ауытқулары жол берілетін ауытқулардан
аспауы тиіс (7.2-бөлімшені қараңыз).
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін бөлшектер өндіріске
жіберілмейді.
Тексерілген пішім бөлшектерінде белгі салу жүзеге асырылады:
қалталардың,
ілгектердің,
қиылмаған
бүкпелердің
және
басқаларының орналасатын жерлерін белгілейді. Бөлшектерді
көмекші лекалолар бойынша шаншымдармен белгілейді, олардың
диаметрі 2 мм-ден аспауы тиіс.
Қиылған
бөлшектерді
нөмірлеуішпен
ішкі
жағынан
штапмтайды. Беткі жағынан тек астарды, белбеуді, қорғаушы
қақпақшаны, гульфикті, аспабауды және т.б. штамптайды.
Нөмірлеуді бормен не қарындашпен орындауға болады. Оны
машинаның көмегімен (түйреуіштермен), жабысқақ қағаз таспамен
немесе материалда түйреуіштер мен желімнің іздері қалып қойса,
қолмен жүргізуге болады.
Будадағы барлық бөлшектерге реттік нөмірлер қояды. Бұл
нөмірлер жақсы көрініп тұруы тиіс, бірақ бұйымды одан әрі өңдеуге
кедергі келтірмеуі тиіс. Әрі қарай нөмірлік белгілердің пішім
бөлшектеріндегі орналасатын орындары көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: