тігіммен көктеледі. Көктеу тігімдерінің арасында сырып тігеді.
Бөлшектерді белгіленген сызықтар немесе жатқызып салынған
жіптер бойымен дәлдеп түйрейді және көктейді.
6.
Барлық көктеу жұмыстары, көктейтін тігімдер одан әрі өңдеу
кезінде машина тігімдерінің үстіне тап болмас үшін, бор сызығынан
бөлшек қиығына қарай 0,1... 0,15 см арақашықтықта орындалады.
7.
Көктейтін тігім ұштарын бір-екі кері инешаншыммен
бекітеді.
8.
Көктеген жіптерді алып тастау үшін оларды әрбір 10...15 см
сайын қайшымен қиып тастап, одан кейін матадан тартып алу
қажет.
9.
Орнықты қол инешаншымдары мен тігімдерін орындаған
кезде түсі материалдың түсіне сәйкес келетін жіптерді қолданады.
Жүн матадан және мақта-матадан бұйым дайындаған кезде №
50...80 мақта-мата жіптері, жібек мата бұйымдары үшін —№ 65...75
жібек жіптері, жасанды және синтетикалық мата бұйымдары үшін
—№ 60...80 мақта-мата жіптері қолданылады. Сәндік бөлшектерді
сәндік түсіне сәйкес жіптермен тігеді. Өтпелі саңылауы бар
түймелерді түйменің түсіне сәйкес жіптермен, ал тіктемесі бар
түймелерді матаның түсіне сәйкес тігеді.
10.
Иненің нөмірлері матаның қалыңдығына және орындалатын
операцияның сипатына сәйкес келуі тиіс.
11.
Инешаншымдардың ұзындығы 1.6 және 1.7-кестелерде
көрсетілген өлшемдерге сәйкес келуі тиіс.
12.
Ішкі тігімдердің ұштарын 2-3 инешаншыммен бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: