Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет67/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

102


 
 
1.126
-сурет. Бір тігіммен жасау 
кезіндегі жиектемелі жапсырма 
тігіс 
1.127
-сурет. Екі тігіммен жасау 
кезіндегі жиектемелі жапсырма 
тігіс 
тігеді. Тігімді түзу не доғал сызық бойымен көлденең бағытта 
аяқтайды (1.130-сурет, 
а
). Одан кейін бөлшекті үстелге беткі жағын 
төмен қаратып жайып қояды. Қатпар сырып тігілген бөлікте 
көктеген тігімді алып тастайды; қатпарды бір немесе екінші жаққа 
бүктейді де (модельге қарай), үтіктейді. Қатпар біріктіру тігісінен 
модельмен көзделген арақашықтықта беткі жағынан тігіммен 
әрленуі мүмкін. Қатпарды арнайы сызғыштың көмегімен салады. 
Жөрмеу тігісі болған жағдайда қатпардың жиегі беткі жағынан 
ашық болуы мүмкін. Бұл жағдайда қатпарды белгіленген сызыққа 
дейін ішкі жақтан көктейді, бүктейді, бүгіп көктейді, үтіктейді және 
беткі жағынан жөрмеу тігімімен бекітеді. Қайым және бүкпе 
тігімдерді беткі жағынан алып тастайды да, қатпарды үтік арқылы 
ішкі жағынан үтіктейді. 
1.128
-сурет. Жиектемелі жөрмеу 
1.129-сурет. Екі тігіммен орындау 
тігісі кезіндегі жиектемелі жөрмеу тігісі
103


Бір жақты қатпар екі бөліктен тұратын бөлшектерге де жасалуы 
мүмкін (1.130-сурет, 
б
). Бұл жағдайда бір жақты қатпар сонымен 
қоса біріктіру орны болып табылады. Бұйым бөлшектерінің бірінде 
ішкі жағынан көмекші лекало бойымен не сызғышпен бүйір 
сызықты (сыртқы бүкпе сызығын) және сырып тігу соңын 
анықтайтын сызықты белгілейді. Бөлшектің екі бөлігін беткі 
жақтарын ішке қаратып салады, қиықтарды теңестіреді, бөлшектің
1.130
-сурет. Жай қатпарлар:
а 
— бір жақыт жөрмеу; 
б 
— бір жақты біріктіру; 
в 
— қарсы (екі жақты) жөрмеу; 
г
— қарсы қатпар бүкпелерін көлденең тігіммен бекіту; 
д 
— қарсы қатпар бүкпелерін 
бүкпелерге параллель екі тігіммен бекіту; 
е 
— қарсы (екі жақты) біріктіру; 
ж 
— 
қарсы (екі жақты) біріктіру (ішкі жағынан көрінісі); 
з 
— бантты жөрмеу; 
и 
— 
бантты біріктіру
104


бүкіл ұзындық бойымен белгіленген сызық бойынша көктейді және 
тігімді қатпар қосымшасына көлденең етіп аяқтау арқылы сырып 
тігеді. Қатпар қосымшаларының шеттерін пальто мен костюмдер 
үшін бүкпеден 1 см арақашықтықта және көйлектер мен блузкалар 
үшін 1,2...1,5 см арақашықтықта сырып тігеді, одан кейін арнайы 
машинада жиектеп торлайды. Арнайы машина болған жағдайда 
сырып тігуді қиықтарды бір мезетте жиектей отырып жүзеге 
асырады. Бөлшекті үстелге беткі жағын төмен қаратып жайып 
қояды, сырып тігілетін бөліктегі көктейтін тігімді алып тастайды. 
Ол қатпар тарқайтын жерлерде ғана қалады. Қатпар қосымшасын 
жанға түреді, бүгіп көктейді және ішкі жағынан үтікпен үтіктейді. 
Ашық қиықты қатпарда жөрмеу тігісі болған жағдайда өңдеу 
реттілігі өзгереді. Қатпарды арнайы машинада немесе қолмен 
көктейді. Қатпар әдібін жанға түреді, бүгіп көктейді және үтіктейді. 
Жөрмеу тігісін бағыттауыш сызғыштың көмегімен модельге сәйкес 
арақашықтықта қатпардың беткі жағына салады. Қатпар әдібінің 
қиықтарын сырып тігеді және жиектейді. Жөрмеу тігімінің 
бөлігіндегі көктеу және бүгіп көктеу жіптерін алып тастайды да, 
қатпарды үтіктейді. 
Қ а р с ы ( е к і ж а қ т ы ) қ а т п а р л а р — беткі жағындағы 
бүкпелер бір-біріне, ал ішкі жағындағы бүкпелер қарсы жаққа 
бағытталған қатпарлар (1.130-сурет, 
в
). Қарсы қатпарды ішкі 
жағынан үш сызықпен – ортаңғы, бүйір (сыртқы бүкпе сызығымен) 
және сырып тігу соңын анықтайтын сызықпен белгілеп қояды. 
Қатпарлардың тереңдігі модельге байланысты болады. Бөлшектерді 
пішу кезінде қатпарға бір бүкпенің 4-ке көбейтілген тереңдігіне тең 
әдіп жасайды. Мысалы, ір бүкпенің тереңдігі 3 см болса, онда пішу 
кезінде әдіп 3-4 = 12 см тең болуы тиіс. 
Қатпар жасау үшін бөлшекті белгіленген ортаңғы сызық 
бойымен беткі жағын ішіне қаратып бүктейді де, сырып тігу 
машинасында босаң үстіңгі жіппен бүйір сызықтың бойымен 
немесе қолмен ұзындығы 1...2 см қайым инешаншымдармен 
көктейді, одан кейін тігім соңын анықтайтын сызыққа дейін сырып 
тігеді. Сырып тігу бөлігінде көктейтін тігімді алып тастайды. Ол 
қатпар тарқайтын жерлерде ғана қалады. Бөлшекті үстелге беткі 
жағын төмен қаратып жайып қояды, қатпар қосымшасын қатпарды 
сырып тігу тігімінің екі жағына да қойып, белгіленген ортаңғы 
сызықты сырып тігу тігісінің бойымен ғана орналастырады да, 
үтіктейді. Қию процесінде қатпар бүкпелерінің жылжып кетуіне 
жол бермеу үшін, сондай-ақ қатпар қосымшасының беріктігі үшін 
ішкі жағынан қатпарды сырып тігу тігімдерінің жанынан өтетін 
тігімдермен немесе беткі жағынан бүкіл ені бойымен қатпар 
105


қосымшасына көлденең тігіммен бекіту ұсынылады (1.130-сурет, 
г
). 
Қатпар беткі жағынан тігімдермен әрленуі мүмкін – модельмен 
көзделген арақашықтықта (біріктіру тігісінің сол және оң жағында) 
айыра тігілуі мүмкін (1.1130-сурет, 
д
). Қатпарды арнайы сызғыш 
арқылы салады. 
Жөрмеу тігімі болған жағдайда қатпардың жиектері беткі 
жағынан ашық болуы мүмкін. Бұл жағдайда қатпарды белгіленген 
сызық бойымен ішкі жақтан көктейді, бекі жаққа жайып қояды да, 
үтіктейді және беткі жағында бүкпелерден модельге сәйкес 
арақашықтықта жөрмеу тігістерімен айыра көктейді. Көктейтін 
тігімді қатпар тарқайтын бөліктерде ғана қалдырып, қалған 
жерлерден алып тастайды. Қатпарды төсеме арқылы ішкі жағынан 
қайта үтіктейді. 
Қарсы қатпар сонымен қатар біріктіру орны да болуы мүмкін 
(1.130-сурет, 
е
). Бұл жағдайда өңдеуге үш бөлшек қатысады: екі 
негізгі, яғни бір бөлшектің екі бөлігі және үшінші – ені қатпардың 
(пішімнің) екі еселенген қосымшасына тең негізгі материал 
кесіндісі. Мысалы, бүкпе қосымшасының ені 4 см болса, онда 
кесіндінің ені 8 см болуы тиіс. 
Мұндай тігімді өңдеу үшін негізгі бөлшектің бөліктерінің 
бірінде ішкі жағынан көмекші лекаломен немесе сызғышпен бүйір 
сызықты (сыртқы бүкпе сызығы) және тігім соңын анықтайтын 
сызықты белгілейді. Негізгі бөлшектің екі бөлігін беткі жақтарын 
ішке қаратып қояды, қиықтарын теңестіреді, бөлшектің бүкіл 
ұзындығы бойынша белгіленген сызық бойымен көктейді және 
тігімді сырып тігу соңын анықтайтын көлденең сызықтың жанында 
аяқтай отырып, сырып тігеді. Жіптің ұшын қосарлы тігіммен 
байлайды немесе түйіншектейді. Көктейтін тігімді қатпар 
тарқайтын бөліктерде ғана қалдырып, қалған жерлерден алып 
тастайды. Бөлшек бөліктерін сырып тігу тігістерін айыра үтіктейді. 
Айыра үтіктелген тігіске үшінші бөлшекті, негізгі материал 
кесіндісін, беткі жағын ішке төмен қаратып жапсырады, оны негізгі 
бөлшектің белгіленген сызығының бойымен қосып көктейді және 
қатпарды сырып тігу тігімінің соңынан бастай отырып, негізгі 
бөлшек жағынан осы сызық бойымен қосып тігеді. Одан кейін 
қатпардың ішкі қиықтарын (бүкпелерін) сырып тігеді. Тігіс ені 
1,2...1,5 см. Тігіс қиықтарын арнайы машинада жиектейді, ал сырып 
тігу-жиектеу машинасы болған жағдайда сырып тігу қиықтарды 
жиектеумен қатар жүзеге асырылады. Қатпар шеттерін бүкпелерден 
модельге сәйкес арақашықтықта тігіммен әрлейді. 
Ашық шеттік қарсы біріктіруші қатпарда әрлегіш тігімдер 
болған жағдайда өңдеу реттілігі өзгереді. 
106


Негізгі бөлшектің екі бөлігінде сыртқы бүкпе сызығын, үшінші 
(қосымша) бөлшекте ортаңғы сызықты белгілейді. Негізгі бөлшек 
бөліктеріндегі қатпар әдіптерін белгіленген сызықтар бойымен ішкі 
жағына бүктейді де, жатқыза үтіктейді, одан кейін негізгі бөлшекті 
қосымша бөлшекке белгіленген ортаңғы сызық бүкпелерімен 
жапсырып, көктейді және бүкпелерден модельде көзделген 
арақашықтықта сырып тігеді. Одан кейін ішкі жағынан әдіп 
қиықтарын қатпарға сырып тігеді де, оларды арнайы машинада 
жиектейді немесе бір мезетте жиектей отырып сырып тігеді. 
Матаны үнемдеу мақсатында қатпардың бүкіл ұзындығына емес, 
оның сырып тігілген бөлігінің ұзындығына тең үшінші бөлшекті 
пішуге рұқсат етіледі (1.130-сурет, 
ж
). Бұл жағдайда қосымша 
бөлшектің үстіңғі қиығын арнайы машинада жиектейді, одан кейін 
бұл бөлшекті көктеп, қатпар әдібінің қиықтарына қосып тігеді. Тігіс 
ені 1,2...1,5 см. Одан соң жолақты қосып тігу тігістерінің 
қиықтарын, сонымен қатар негізгі бөлшек бөліктерін біріктіру 
тігісінің қиықтарын жиектейді. 
Б а н т т ы қ қ а т п а р л ар қарсы қатпардың ішкі жағы немесе 
беткі жағының бүкпелері қарама-қарсы жаққа бағытталып, бант 
жасайтын бір жақты қатпарлар болып есептеледі (1.130-сурет, 
з
). 
Банттық қатпарларды бір бөлшектен тұратын қарсы қатпарлар 
сияқты белгілеп дайындайды, бірақ тек қана бөлшектің өң бетінде 
өңделеді. Бөлшектің өң жағын ішіне қаратып белгіленген сызықтар 
бойынша жаяды, көктейді, сырып тігеді, ортасын сырып тігу 
тігісімен дәлме-дәл келтіре отырып екі жағына енін жайып салады 
және іштік арқылы үтіктейді. Банттық қатпар біржақты екі қатпар 
сияқты өңделуі мүмкін, бірақ мұнда олар әр жаққа қарай жатқыза 
үтіктеледі; ол, сонымен бірге біріктіру орны да болуы мүмкін 
(1.130-сурет, 
и
). 
Бөлшектің бүкіл ұзындығы бойынша сырып тігілген біржақты 
сәндік қатпарларды былай дайындайды. Бөлшектерді пішкен кезде 
қатпарларды өңдеуге әдіп береді, қиықтары бойынша кертпелер 
жасайды немесе қатпарлар дайындау үшін бүктеме сызықтарын 
белгілейді. Бөлшектерде бірінші қатпарды кертпелерге немесе 
белгіленген сызықтарға сәйкес бүгеді және бағыттаушы сызғыштың 
көмегімен тігіс арқылы бүгіп тігеді. Қалған барлық қатпарларды 
олардың қажетті енін және арақашықтығын қамтамасыз ететін 
жабдықтың көмегімен бүгіп тігеді. Қатпарларда жазып, моделіне 
байланысты бір жағына қарай бүге отырып, жатқыза үтіктейді. 
Ылғалды жылумен өңдегеннен кейін, көмекші лекало бойынша 
бөлшекті соңғы рет дәлдейді. 
107


1.131
-сурет. Күрделі әрлегіш қатпар 
К ү р д е л і 
ә р л е г і ш 
қ а т п а р л а р д ы 
әшекейлеу мақсатымен, сондай-ақ пішу кезінде 
әрлегіш тігімдер үшін әдіп берілмеген жағдайда 
орындайды 
(1.131-сурет).
Қатпарды беткі және ішкі жағынан, моделіне 
байланысты екі сызықпен – орта (ішкі бүктеме) 
және бүйір (сыртқы бүктеме) сызықпен белгілейді. Ішкі жағынан 
қатпардың орта сызығының астына негізгі материалдың кесіндісін 
салады. Кесіндінің ені әрлегіш тігімнің еніне байланысты болады. 
Кесіндіні тігім оның ортасынан өтетіндей етіп көктейді және тігісті 
өң жағынан белгіленген орта сызыққа дәл келетіндей етіп қосып 
тігеді. Одан әрі негізгі бөлшекті өң жағын ішіне қарата қосып тігу 
тігісінің бойымен бүгеді де бір жаққа, ал қосарланып бүктелген 
қосып тігілген жолақты екінші жаққа бүктейді. Одан кейін 
белгіленген бүйір сызық бойымен екінші машина не көктейтін 
тігімді (егер қатпарлар ашық қиықты болса) салады. Одан соң 
бөлшекті беткі жағын төмен қаратып үстелге жаяды, қатпарды 
модельге сәйкес жаққа бүгеді, бүгіп көктейді, үтіктейді. Бұдан кейін 
беткі жағында арнайы лекало бойынша моделде көзделген 
арақашықтықта әрлегіш тігім сызығын белгілейді немесе әрлегіш 
тігімді алдын ала бормен белгілеместен, бағыттауышы бар арнайы 
табандықты қолдану арқылы салады. Көктейтін тігімді алып 
тастайды. Қатпарды ішкі жағынан үтікпен үтіктейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет