ҚАЛТАЛАРДЫ ӨҢДЕУ
2.3.1.
Жапсырмалы қалталар
Қалталар бұйымда функционалдық және декоративтік мәнге ие.
Олардың сыртқы түрі, өлшемдері, саны мен орналасқан жерлері
әртүрлі болады. Технологиялық өңдеу бойынша қалталар
жапсырмалы, тігіс ішіндегі және тілікті қалталар болып бөлінеді.
Барлық қалталардың бөлшектерін негізгі материалдан пішеді. Бұл
ретте түйінде тігіс санын қысқарту үшін тұтас пішілген
бөлшектерге,
мысалы, тұтас
пішілген жапырақшасы бар
жапсырмалы қалтаға, негізгі бөлшектермен тұтас пішілген бүйір
тігістегі қалта астарларына және т.б. артықшылық беріледі.
Қалталардың көзге көрінетін барлық қиықтарын жабады не өңдейді.
Жапсырмалы қалталарды олардың пішініне, қалтаны негізгі
бөлшекке сырып тігу тігісінің еніне, материал қасиеттеріне
байланысты сол не басқа тәсілмен өңдейді. Өңдеу қалтаға кіретін
жер болып табылатын үстіңгі шетті әрлеуді, бүйір және астыңғы
қиықтарды өңдеуді, қалтаны бұйыммен біріктіруді қамтиды. Тез
сетінегіш материалдардан жасалған бұйымдарда қалта қиықтарын
жиектеп торлайды. Әдіп бойынша қалтаның үстіңгі шетін өңдеуге
желімдік не желімсіз жиек салынуы мүмкін.
Қалтаның үстіңгі шеті түзу немесе қисық сызықты болуы
мүмкін. Түзу үстіңгі жиек материалдың қалыңдығы мен
сетінегіштік дәрежесіне байланысты жабық (2.11-сурет,
а
) не ашық
жиектелген (2.11-сурет,
б
) қиықты бүктеме тігіспен өңдейді.
Мұндай жиек әдіпті қосарлар бүктей отырып жатқыза үтіктелуі
мүмкін (2.11-сурет,
в
) немесе қалтаның үстіңгі қиығының ені 1...2
мм тігіспен қосып тігілуі арқылы жатқыза үтіктелуі мүмкін (2.11-
сурет,
г
).
Қалтаның үстіңгі шетін тұтас пішілген жапырақшамен өңдейді.
Бұл жағдайда қалтан жапырақшаның астыңғы жиегінің сызығы
бойынша ішкі жағын ішіне қатарып бүгеді де, баса үтіктейді.
Үстіңгі шет қосымшасын айналдырады және оны жапырақша мен
қалтаның арасына қосымша қиығы жапырақшаның жатқыза
үтіктелген бүкпесімен сәйкес келетіндей етіп салады. Жапырақша
бүкпесіне параллель тігімді бүкпеден 3,5...5 мм арақашықтықта
салады (2.11-сурет,
д
, 1-тігім). Бұл ретте үстіңгі шеттің
қосымшасын бүгіп тігеді. Қалтаны айналдырады және жасалған
қатпар төмен қарай бағытталатындай етіп баса үтіктейді. Үстіңгі
шет бойынша әрлегіш тігімді
2
шеттен 3,5...5 мм арақашықтықта
салады.
Достарыңызбен бөлісу: