Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет126/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қиып 
қысқартылған 
өңірасты

Оны, 
егер 
бұйым 
материалдарының қалыңдығы мен қатылығы жоғары болса, бүйір 
астындағы түйіннің қалыңдығын кішірейту үшін пайдаланады 
(2.20-сурет, 
г
). 
Өңірастын әдеттегідей дайындап алады: қатырмалайды және 
ішкі жиегін өңдейді (
1
-тігім). 
Өңірастын беткі жағын негізгі бөлшектің беткі жағына қаратып 
салады, бүйір қиықтары мен астыңғы қиықтарды сәйкестендіреді 
және негізгі бөлшек етегі бүкпесінің қосымшасына қосып тігеді (
2

тігім). Тігіс ені 7...10 мм. Тігісті айыра үтіктейді және етек 
бүгілісінің қосымшасына қарай жатқыза үтіктейді. Одан кейін 
қысқартылған өңірастын бүкпе қосымшасымен бірге негізгі 
бөлшектің беткі жағына бүгеді, бүйір, мойын ойындысы, иық 
қиықтарын сәйкестендіреді және өңірді ойықтан етекке дейін 
өңірастымен жөрмейді (
3
-тігім). Одан әрі өңдеуді әдеттегі жолмен 
орындайды. 
Өңделген өңірастында қолмен не арнайы жартылай автомат 
жабдықпен тілікті ілгектерді айналдыра көктейді. Түймеліктің басқа 
жағында ілгектердің орналасуына сәйкес түймелерді тағып тігеді. 
199


2.5.
Өңірастыларда басқа да түймелеуші элементтерді орналастыруға 
болады. 
Тесік түймелік
. Оны бүйір сызығы бөлшектің ортаңғы 
сызығымен сәйкес келген кезде, жіңішке қапсырмасын қима 
өңірастылары бар бұйымдарды орындайды (2.20-сурет, 
д
). 
Түймелікті өңдеген кезде алмалы-салмалы сыдырма түймелікті 
пайдаланады. Жұмысты жеңілдету үшін бүйір сызығының бойымен 
сыдырма түймелікті қосып тігу қосымшасын сыдырма түймелік 
жиектемесінің еніне дейін үлкейткен дұрыс. Бұл қосымшаларды 
қатырмалаған дұрыс. 
Өңірастыларды әдеттегідей өңдейді: қатырмалайды, ішкі 
қиығын айналдыра көктейді (
1
-тігім). 
Сыдырма түймеліктің әрбір алшақ салынған бөліктерін беткі 
жағымен негізгі бөлшектің беткі жағына сыдырма түймеліктің 
тісшелері бөлшек жаққа бағытталатындай етіп, ал сыдырма 
түймелік жиектемесінің шеті бөлшетің бүйір сызығымен сәйкес 
келетіндей етіп салады. Сыдырма түймелік жиектемесінің үстіңгі 
ұшын бүйір жаққа бүгеді. Сыдырма түймелікті қосып көктейді, 
арнайы табандықты пайдалана отырып бүйір сызығының бойымен 
сырып тігеді (
2
-тігім). Өнеркәсіптік өндірісте көктеу операциясы 
жоқ. 
Өңірастын негізгі бөлшектің беткі жағына өң бетін қаратып 
салады және сыдырма түймелікті сырып тігу тігісіне тігім сала 
отырып, алдыңғы бой жақтан бүйір сызығының бойымен қосып 
тігеді (
3
-тігім). 
Бұйымның мойын ойындысы мен етегін 
өңірастымен жөрмейді (

және 
5
-тігімдер). Өңірастын негізгі 
бөлшектің ішкі жағына айналдырады, бұрыштарда қосымшалардың 
артық жерлерін кертеді. Өңірастыларды түзейді, баса үтіктейді. 
Бүйір бойымен беткі жағынан әрлегіш 
6
-тігімді салады (модельге 
байланысты бір немесе екі). 
Түймеліктерді өңдеген кезде түймелік пен әрлегіш тігімдердің 
тегістігін, түймелік жақтарының жанасу тығыздығын, түймелік 
жақтарының симметриялылығын және ауытқулардың болмауын, 
өңдеу тазалығын, фурнитураның жақсы бекітілуін қамтамасыз ету 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет