байланысты болады. Тігіс қиықтарын жиектеп торлайды,
көмкерлейді, немесе жабық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді.
Қиықтарды біріктіру тігімдерін жасағанға дейін немесе кейін
өңдейді. Тігіс қосымшаларын жұқа материалдарды пайдаланған
кезде жатқыза үтіктейді немесе қалың және қатты материалдармен
жұмыс жасаған кезде айыра үтіктейді.
Жиектеп торланған қиықтармен жатқыза үтіктелген қайым
тігістер
тізбекті
инешаншымдық
сырып
тігу-жиектеу
машиналарында бір айландыра орындалуы мүмкін. Тұйық тігіс
үшін бөлшек қиықтарын қайыруға арналған арнайы құрылғысы бар
екі инелі машиналарды пайдаланады. Қалған тігістерді қайықты не
тізбекті инешаншымдық бір инелі машиналарда орындайды. Қайым
тігісті айыра тігуді екі инелі машинада орындауға болады.
Егер сырып тігілетін бөлшектердің бірінде біріктірілетін қиықта
бүрмесі, қатпарлары не бүкпелері болса, онда сырып тігуді осы
бөлшек жақтан орындайды. Сырып тігу тігісінің қосымшаларын
бүгеді және бүрмесіз, қатпарсыз не бүкпесіз бөлшек жаққа жатқыза
үтіктейді.
Иық қиықтарын негізгі бөлшектерді бастапқы өңдегеннен кейін,
қалталар мен түймеліктерді дайындағаннан кейін сырып тігеді.
Иық қиықтарын өңдеген кезде алдыңғы бой мен артқы бойды
беткі жақтарын ішке қаратып салады, қиықтарын сәйкестендіреді
және оларды артқы бойды иық тігісінің ортаңғы бөлігіне қондыра
отырып, артқы бой жақтан көктейді. Орындалған қондырманы жия
үтіктегеннен кейін, иық қиықтарын алдыңғы бой жақтан бір немесе
қажет болған жағдай арақашықтығы 1...2 мм болатын екі тігіммен
сырып тігеді. Иық бүкпелері болған жағдайда алдыңғы бой мен
артқы бойдың иық қиықтарын алдыңғы бой жақтан қондырмасыз
сырып тігеді. Иық тігісінің созылып кетуден сақтау үшін тігім
астына жиек салуға болады, оны алдыңғы бойдың иық тігісінің
қосымшасында
орналастыру
қажет.
Жиек
шеттері
иық
қиықтарымен сәйкес келуі тиіс, ал сырып тігу тігімдері жиектің
екінші шетінен 1...2 мм арақашықтықта өтуі тиіс.
Негізгі бөлшектердің бүйір және адым қиықтары бұйымның
модельдік ерекшеліктеріне қарай түймелікті дайындағанға дейін
немесе одан кейін өңделуі мүмкін.
Негізгі бөлшектерді беткі жақтарын ішке қаратып салады,
қиықтарын сәйкестендіреді, кертпелерді сәйкестендіре отырып,
белгіленген сызықтар бойымен көктейді және сырып тігеді.
Өнеркәсіптік өндірісте бүйір және адым қиықтарын алын ала
көктеместен сырып тігеді. Бүйір қиықтарын қолтық ойындысының
қиықтарынан бастап артқы бой жақтан сырып тігеді. Белдемшенің
бүйір қиықтарын артқы ен жақтан сырып тігеді, шалбардың бүйір
Достарыңызбен бөлісу: