отырып, баса үтіктейді.
Әдіптің ішкі жиектерін иық тігістеріне параллель машина
тігімдерімен, ал артқы бой мен алдыңғы бойға қолмен жасырын
инешаншымдармен бекітеді. Әдіптердің ішкі жиектерін бұйымның
негізгі бөлшектеріне жасырын инешаншымдық машинада әдіптің
бүкіл ұзындығы бойынша бекітуге немесе тігімді әдіптің ішкі
жиегінің бойымен сала отырып, негізгі бөлшекке сырып тігуге
болады.
Мойын ойындысының жиегі бойынша орналасқан әрлегіш
тігімді бұйымдарда жөрмеу тігісінің қосымшаларын әдіпке сырып
тікпейді. Мойын ойындысымен біріктіргеннен кейін әдіпті
бұйымның ішкі жағына айналдырады, жөрмеу тігісін түзейді, әдіп
жақтан жиектеме жасай отырып айналдыра көктейді де, баса
үтіктейді. Одан кейін мойын ойындысы сызығының бойымен
бұйымның беткі жағынан әрлегіш тігім салады, оның ені модельмен
анықталады. Салынған белгіні алып тастайды, мойын ойындысын
бұйымның ішкі жағынан баса үтіктейді.
Мойын ойындысын көлбеу көмкермемен өңдеуді сол
реттілікпен жүргізеді.
Бітеу тіліктегі түймелігі бар бұйымдарда мойын ойындысын
түймелікті өңдеумен қатар пішілген әдіппен өңдейді.
Өңірастылы түймеліктері бар бұйымдарда мойын ойындысын
пішілген әдіппен жөрмеуді әдіптің бүйір жақтарын өңірастының
ішкі қиықтарына қосып тіккеннен кейін орындайды. Жөрмеу тігімін
бір бүйір жиегінен бастап екінші бүйір жиегіне дейін салады.
Достарыңызбен бөлісу: