Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет161/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

251


2.11.
шетінің қосымшасына бастырып тігеді (
5
-тігім). Белбеудің екінші 
ұшын, көлденең 
6-
тігім сала отырып, белтартпа таспамен жөрмейді. 
Соңында, белтартпа таспаны бұйымға беткі жағынан бастырып 
тігеді (
7
-тігім). 
Қосып тігілген белбеудің шеті мен ұштары бойынша, егер 
модельмен қарастырылса, әрлегіш тігімді салады. Белбеудің үстіңгі 
ұшында белгіге сәйкес ілгек шалып тігеді. Белбеудің астыңғы 
ұшында ілгектің орналасқан жеріне сәйкес түйме тағады. Ілгек пен 
түйменің орнына белбеудің ұштарына металл ілмектер мен ілгектер 
бекітуге болады. Оларды белдікте белтартпаны қосып тіккеннен 
кейін бекітеді. 
Кей жағдайда белдемше мен шалбардың үстіңгі шетін тек қана 
белтартпа таспамен өңдейді. Оны бойлық бағытта бір жағы 
екіншісінен 2...3 мм-ге кеңірек болатындай етіп бүгеді, бүгілген 
жерді баса үтіктейді. Бұйымның үстіңгі қиығын белтартпа таспа 
жақтарының арасына бұйымның үстіңгі қиығы мен таспаның кең 
жағының шетінің арасындағы арақашықтық 10 мм-ді құрайтындай 
етіп салады. Бұл ретте белтартпа таспаның кең жағын бұйымның 
ішкі жағына орналастырады. Таспаның тар жағымен бұйымның 
үстіңгі қиығын жабады және белтартпа таспаны, бұйымның беткі 
жағы бойынша шеттен 1 мм арақашықтықты тігім сала отырып, 
бастырып тігеді. Белтартпа таспаны екі рет: бастырма тігісті 
пайдалану арқылы әуелі оны кең жағымен бұйымның ішкі жағына, 
одан кейін тар жағымен бұйымның беткі жағына қосып тігуге 
болады. Қиықтарды ішке қарай бүгіп, белтартпа таспаның ұштарын 
бастырып тігеді. 
Қосып тіккеннен кейін белтартпа таспаны бұйымның ішкі 
жағына айналдырады, бұйымның ішкі жағында жиектеме жасай 
отырып, үстіңгі шетін жатқыза үтіктейді. Белтартпа таспаның 
бүгілісін тігіс қосымшаларында не бүкпелерде бекітеді. Белтартпа 
таспаның ұштарында ілгек шалып тігеді және түйме тағады немесе 
ілмектер мен ілгектер бекітеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет