Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет162/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

БҰЙЫМДЫ СОҢҒЫ ӘРЛЕУ
 
Дайын бұйым соңғы өңдеуден өтеді. Бұл ретте бұйымды 
өндірістік қоқыстан, жіптер мен бор іздерінен тазартады, соңғы рет 
айыра үтіктейді, ілгектерді шалып тігеді, түймелерді, 
батырмаларды, ілмектерді, әрлегіш бөлшектерді жапсырып тігеді
белбеуді бекітеді. 
Жіптердің ұштарын қияды. 
Дайын бұйымды соңғы ылғалды жылумен өңдеуді оның түрі 
252
2.11.


2.12.
мен материал қасиеттеріне байланысты үтікпен арнайы үтіктегіш 
үстелде, баспақта немесе бу-ауалы манекенде жүзеге асырады. 
Өңдеуді бұйымның беткі жағында орындайды. Өңірлерді, жағаны, 
жеңдерді, манжеталарды, бұйым етегін айыра үтіктеуге ерекше 
көңіл бөлінеді. 
Ілгектердің орналасатын жерлерін көмекші лекало бойынша 
белгілейді. Ілгектерді ілгекті жартылай автоматтарда шалып тігеді. 
Шалып тіккеннен кейін ілгектерді баса үтіктейді. 
Түймелердің 
орналасатын 
жерлерін 
ілгектер 
бойынша 
анықтайды. Түймелерді арнайы түйме тағатын жартылай 
автоматтарда немесе қолмен тағады. Ілмектер мен ілгектерді 
қолмен не арнайы машинада, батырмаларды тек қана қолмен 
тағады. 
Батырмаларды, 
ілмектер 
мен 
ілгектерді 
арнайы 
құрылғының көмегімен бекітеді. 
Әрлегіш бөлшектерді қолмен немесе жасырын инешаншымдық 
машинада жапсыра тігеді. 
Белбеуді бастырмамен тағады. 
АСТАРСЫЗ БҰЙЫМ БӨЛШЕКТЕРІН 
ӨҢДЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ
Бұйым бөлшектері мен түйіндерінің өңделуін жетілдіру: 

жаңа желімдік материалдарды – жұқа, беткі тығыздығы аз, 
ссозылмалы, икемді, оның ішінде арнайы белгілі бір түйіндер 
мен бөлшектерді өңдеуге арналған материалдарды (мысалы, 
белдемше мен шалбар белбеуін қатырмалауға арналған тесікті 
шеттері бар арнайы желімдік іштік); 

шағын операциялық технологияны, оның ішінде тұтас пішілген 
бөлшектерді қолданудан, қалта, белдік және т.б. өңдеу кезінде 
бөлшектерді бір тігіммен біріктіруден, жоғалып кететін ізді 
арнайы қарындаштың көмегімен сызықты ауыстырудың 
оңтайлы тәсілдерін; 

заманауи жабдықтарды, оның ішінде жартылай автоматты және 
автоматты жабдықтарды; 

шағын механикаландыру құрылғылары мен құралдарының кең 
ауқымын пайдаланудан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет