Қиылған бүйір жанның үстіңгі бөлігінің желімдік іштігін
арқаужіпке 45° бұрыш астында пішеді. Бұл іштіктің астыңғы қиығы
желімдік іштік шетінің бүйір жанның беткі жағынан өтуін
кішірейту үшін толқын тәрізді пішінде болуы тиіс (3.1-сурет,
в
).
Тұтас пішілген өңірастының желімдік іштігін негізгі бөлшектің
беткі жағына іштік бүйір сызығын 10...15 мм жабатындай етіп, ал
астында дайын бұйым етегінің сызығына дейін жететіндей етіп
орналастырады (3.1-сурет,
г
).
Созылып кетуден сақтау үшін артқы бойдың иық қиықтарын,
артқы бойдың, алдыңғы бойдың мойын ойындысының және
қиылған бүйір жанның қиықтарын қатырмалайды. Ол үшін
қиықтардың пішіні бойынша пішілген ені 15...50 мм желімдік
іштіктерді пайдаланады. Артқы бойдың қолтық ойындысының
қиықтарын оларды жия үтіктегеннен кейін қатырмалайды. Арнайы
жабдықта қатырмалауды артқы бойдың қолтық ойындысының
қиықтары бойынша қондырманы жия үтіктеумен қатар жүргізеді.
Артқы бойдың иық қиықтарының желімдік іштіктерінің астыңғы
қиықтары қатырмаланған бөлшектің қалыңдығын біркелкі
кішірейту үшін ирек пішінде болады (3.1-сурет,
д
). Жоғарыда
аталған қиықтарды созылып кетуден сақтайтын пішілген желімдік
іштіктердің орнына ені 10...15 мм желімдік жиекті пайдалануға
болады.
Бұйымның не жеңнің шлицасында желімдік іштікті шлица
қосымшасы жақтан ол шлицаның бүгілу сызығынан 10...15 мм-ге
кіріп тұратындай етіп және астында дайын бұйым етегінің не жең
аузының сызығына дейін жететіндей етіп орналастырады (3.1-сурет,
е
). Бұйым шлицасының желімдік іштігі ені 10...15 мм желімдік
жиекпен алмастырылуы мүмкін. Жиекті шлица қосымшасының ішкі
жағында шлицаның бүгілу сызығына параллель одан 1...3 мм
арақашықтықта соза отырып салады. Егер бұйым шлицасын
қатырмалау үшін мата не трикотаж негізіндегі терможелімдік іштік
материалдарды пайдаланса, онда іштік шлицаның бүгілу сызығына
дейін 5...7 мм жетпеуі тиіс. Шлица қосымшасын қатырмалағаннан
кейін желімдік жиекті желімдік іштіктің үстінен шлицаның бүгілу
сызығының бойымен салады. Жиек ені 10...15 мм. Оны шлица
қосымшасы жақтан бүгілу сызығынан 1...3 мм арақашықтықта жиек
желімдік іштіктің шетін 5...7 мм жабатындай етіп орналастырады.
Бұйым етегінің пішінін сақтауға етектің бүгілу қосымшасын
желімдік іштікпен қатырмалау ықпал етеді (3.1,
Достарыңызбен бөлісу: