Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Алдыңғы бой мен артқы бойды қалыптау



Pdf көрінісі
бет168/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

3.3.3. 
Алдыңғы бой мен артқы бойды қалыптау
 
Бөлшектерге көлемді пішін беру үшін оларды ЫЖӨ-ден 
өткізеді, бұл процесте бөлшектердің жекелеген қиықтары мен 
бөліктерін жия үтіктейді немесе созады. Қалыптауды көлемді 
жастықшалары бар баспақта немесе үтіктің және арнайы 
қалыптардың көмегімен жүзеге асырады. Жұқа материалдардан 
жасалған бұйымдарда симметриялық бөлшектерді беткі жақтарын 
ішке қаратып қойып, бір мезетте өңдейді. Қалың материалдардан 
жасалған бөлшектерді жеке-жеке қалыптайды. 
Созу мен жия үтіктеуді жүргізу қажет бөлшек бөліктері мен 
қиықтарды, сондай-ақ созу мен жия үтіктеу дәрежесін бұйым 
конструкциясы анықтайды. Жұмсақ көлемді пішінді бұйымдарда 
бөлшектерді қалыптауды мейлінше қысқартады. Қынама силуэтті 
бұйымдарда бөлшектерді айтарлықтай көп дәрежеде жия үтіктейді 
және созады. 
Жалпы алдыңғы бойда бүкпе ұштарындағы босаң жерді, әйелдер 
киімінде кеуденің ең шығыңқы нүктелерінің деңгейіндегі бүйір 
бөлігін, ерлер киімінде іштің ең шығыңқы нүктесінің деңгейіндегі 
бүйір бөлігін, мойын ойындысының қиығын, қолтық ойындысының 
астыңғы бөлігін жия үтіктейді. Алдыңғы бойда бүйір қиық, бедерлі 
қиық және бел деңгейіндегі бүкпе бөліктерін толық тегістегенге 
дейін созады (3.3-сурет, 
а – в
). Артқы бойда бүкпе ұштарындағы 
босаң жерді, иық қиығын, қолтық ойындысының астыңғы бөлігін, 
жауырынның ең шығыңқы нүктелерінің деңгейіндегі ортаңғы қиық 
265


 
 
бөлігін, жауырын астында бел тұсындағы босаң жерді жия 
үтіктейді. Артқы бойда бүйір қиық, бедерлі қиық, бел деңгейіндегі 
ортаңғы қиық бөліктерін толық тегістегенге дейін созады (3.3-сурет, 
г, д
). 
3.3.4. 
Артқы бойдың шлицасын өңдеу
 
Артқы бойдың шлицасын жалпы, астарсыз бұйымдардағы 
сияқты, өңдейді. Шлица қосымшаларын қатырмалайды, қажет 
болған жағдайда жиек салады (3.2-бөлімшені қараңыз). Артқы 
бойдың ортаңғы қиықтарын мойын ойындысынан бастап, тігімді 
шлица ойығының қиығынан 10...15 мм төмен орналасқан бақылау 
белгісінен аяқтап сырып тігеді. Артқы бойдың ортаңғы тігісін 
сырып тігу тігімін, тоқтатпастан, жалғастырып, шлица ойығының 
қиықтарын сырып тігуге болады. Бұл жағдайда тігімді шлицаның 
бойлық қиықтарынан 5...7 мм арақашықтықта (3.4-сурет, 
а
) немесе 
шлицаның астыңғы оң жағындағы қосымшаның бүгілу сызығында 
аяқтайды. 
Егер модельмен бастырма ортаңғы тігіс қарастырылса, онда 
артқы бойдың ортаңғы тігісінің қосымшаларын артқы бойдың сол 
жақ бөлшегіне қарай жатқыза үтіктейді. Қалған жағдайларда 
ортаңғы тігісті айыра үтіктейді. Алдын ала артқы бойдың оң жақ 
бөлшегіндегі сырып тігу тігісінің қосымшасын артқы бойдың 
ортаңғы тігісі тігімінің ұшына не бұрышына қарай кертеді. Артқы 
бойдың сол жақ бөлшегіндегі шлица бүгілісі артқы бойдың ортаңғы 
тігісінің жалғасы болып табылады. Қажет болған жағдайда артқы 
бойдың оң жақ бөлшегіндегі шлица қосымшасын да белгіленген 
сызық бойынша бүктей отырып жатқыза үтіктейді. Артқы бойдың 
оң және сол жақ бөлшектеріндегі шлица бүгілістерінің арасындағы 
арақашықтық дайын күйдегі шлицаның еніне тең. 
266
3.3-сурет. Алдыңғы бой мен артқы бойды қалыптау


Әрлегіш тігімді модельдерде артқы бойдың ортаңғы тігісі және 
шлицаның үстіңгі шеті бойынша тігімді әуелі артқы бойдың сол 
жақ бөлшегінің беткі жағы бойынша шлицаның үстіңгі шетін 
бойлай салады. Одан кейін артқы бойдың ортаңғы тігісін тігім 
шлицаның үстіңгі шетіндегі тігіммен сәйкес келетіндей етіп 
бастырып тігеді. Әрлегіш тігістің ені – модельге сәйкес. Шлицаның 
астыңғы шеті бойынша тігімді бүгілістен 1...5 мм арақашықтықта 
астарды қосып тіккенге дейін не одан кейін салуға болады. 
Шлицаның үстіңгі шетін, егер модельмен қарастырылса, артқы 
бойдың беткі жағынан бекітеді. Тігімді артқы бойдың ортаңғы 
тігісіне 45...60° бұрышпен салады. Артынша артқы бой етегінің 
3.4
-сурет. Артқы бойдың шлицасын өңдеу 
267


сызығын белгілейді және шлица бұрыштарын көлбеу тігіммен 
жөрмейді. Жөрмеу тігімі шлица қосымшасының және етектің бүгілу 
қосымшасының қиықтарына дейін 10...15 мм жетпеуі тиіс (3.4- 
сурет, 
б, 2 
және 
2а 
тігімдері). 
Қосып тігілген астарлы бұйымдарда шлицаның астыңғы 
бұрыштары екі рет Г-тәрізді тігіммен жөрмелуі мүмкін. Әуелі 
шлица бұрыштарын етек бойымен жөрмейді (3.4-сурет, 

және 
2а 
тігімдері), одан кейін шлица қосымшасын, қосып тігу тігімін бүгілу 
қосымшасының қиықтарына дейін 10...15 мм жеткізбестен, етектің 
бүгілу қосымшасына қосып тігеді (

және 
3а 
тігімдері). 
Етегі ашық астарда шлица қосымшасы мен етектің бүгілу 
қосымшасының қиықтарын жиектеп торлайды немесе шеттіктейді. 
Шлица бұрыштарын келесідей жөрмейді. Артқы бой етегінің бүгілу 
қосымшасын етек сызығы бойынша бүктейді және артқы боймен 
бетпе-бе қаратып қояды. Әуелі тік жөрмеу тігімін салады (3.4-сурет, 
г


және 
2а 
тігімдері). Тігіс ені 7...10 мм. Бұл тігімді етектің бүгілу 
қосымшасының қиығына дейін 20...25 жеткізбейді. Одан кейін 
жөрмеу тігісін аяқтай отырып, тігімнің көлденең бөлігін салады (

және 
3а 
тігімдері). Жөрмеу тігісінің қосымшасын тігім ұшына қарай 
кертеді. Шлица бұрыштарын беткі жағына айналдырып, баса 
үтіктейді. 
Дайын шлицаның жақтары бірдей ұзындықта, қиғаш жерлерсіз 
болуы тиіс және пішінін өзгертпеуі тиіс. Торлы не жолақты 
материал суретінің бөліктері шлицаның оң және сол жақтарында 
сәйкес келуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет