Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет167/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

263
3.3.


 
 
 
 
 
 
 
 
 
а 
б
3.3.2. 
Бүкпелерді өңдеу
 
Бүкпелерді қиылмайтын және қиылатын етіп жасайды. 
Жұқа материалдардан жасалған бұйымдарда 
қиылмайтын 
бүкпелерді
, астарсыз бұйымдар сияқты, жатқыза немесе айыра 
үтіктеп орындайды. Егер бұйым дайындау үшін пайдаланылатын 
материалдардың қалыңдығы едәуір болса, онда қиылмайтын 
бүкпелерді негізгі материалдан жасалған қосымша құрақты 
пайдалана отырып орындайды, оны бүкпені сырып тігу кезінде 
негізгі бөлшектің астына салады. Құрақты оның ұшы бүкпенің 
ұшынан 15...25 мм шығып тұратындай етіп салады. Бүкпені сырып 
тіккеннен кейін құрақты бүкпені сырып тігу тігімінің ұшына қарай 
кертеді. Бүкпені бір жаққа, ал құрақтың екі қабатын екі жаққа 
жатқыза үтіктейді (3.1-сурет, 
а
). Мұндай өңдеу кейінгі жия үтіктеу 
кезінде бүкпе ұшында негізгі матаның созылып жатуын 
болдырмауға мүмкіндік береді. 
Қиылатын 
бүкпелерді 
жұқа 
материалдардан 
жасалған 
бұйымдарда бөлшек қиықтарынан бастап ені 7...10 мм тігіспен 
сырып тігіп, оны біртіндеп жоққа шығарады. Тігімді бүкпе 
қимасының ұшынан 10...15 мм төмен аяқтайды. Бүкпені қалың 
материалдан жасалған бұйымдарда сырып тігу кезінде тігім ұшында 
негізгі бөлшектің астына ұзындығы 50...60 мм мақта-маталы құрақ 
салады (3.2-сурет, 
б
). Сырып тігілген бүкпені айыра үтіктейді. Мо- 
3.2
-сурет. Бүкпелерді өңдеу
264


деліне байланысты бүкпе тігісінің қосымшаларын бөлшектің беткі 
жағынан бастыра не айыра тігуге болады. 
Қиылатын бүкпені желімдік іштік материалмен қатырмаланған 
бөлшекке сырып тіккен кезде, мата құрағын оны сырып тігу кезінде 
бүкпенің астына салмайды. Бұл жағдайда сырып тігілген бүкпенің 
ұшын негізгі бөлшектің ішкі жағынан желімдік материалдың 
үзіндісімен бүкпе ұшындағы босаң жерді жия үтіктегеннен кейін 
бекітеді. 
Кей жағдайда қиылатын бүкпені әуелі қиылмайтын бүкпе 
ретінде сырып тігеді. Сырып тіккеннен кейін негізгі материалдың 
артық жерлерін қиып тастап, бүкпе тігісіе ені 7...10 мм қосымша 
қалдырады. 
Тілікшелерді, бүкпелер сияқты, мата құрағын тілікше ұшының 
астына сала отырып, өңдейді. Негізгі бөлшектердің бөліктерін 
біріктіруді, әрлегіш тігістерді орындауды және әрлегіш тігімдерді 
салуды астарсыз бұйымдардағы сияқты жүзеге асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет