сызығын белгілейді және шлица бұрыштарын көлбеу тігіммен
жөрмейді. Жөрмеу тігімі шлица қосымшасының және етектің бүгілу
қосымшасының қиықтарына дейін 10...15 мм жетпеуі тиіс (3.4-
сурет,
б, 2
және
2а
тігімдері).
Қосып тігілген астарлы бұйымдарда шлицаның астыңғы
бұрыштары екі рет Г-тәрізді тігіммен жөрмелуі мүмкін. Әуелі
шлица бұрыштарын етек бойымен жөрмейді (3.4-сурет,
2
және
2а
тігімдері), одан кейін шлица қосымшасын, қосып тігу тігімін бүгілу
қосымшасының қиықтарына дейін 10...15 мм жеткізбестен, етектің
бүгілу қосымшасына қосып тігеді (
3
және
3а
тігімдері).
Етегі ашық астарда шлица қосымшасы мен етектің бүгілу
қосымшасының қиықтарын жиектеп торлайды немесе шеттіктейді.
Шлица бұрыштарын келесідей жөрмейді. Артқы бой етегінің бүгілу
қосымшасын етек сызығы бойынша бүктейді және артқы боймен
бетпе-бе қаратып қояды. Әуелі тік жөрмеу тігімін салады (3.4-сурет,
г
,
2
және
2а
тігімдері). Тігіс ені 7...10 мм. Бұл тігімді етектің бүгілу
қосымшасының қиығына дейін 20...25 жеткізбейді. Одан кейін
жөрмеу тігісін аяқтай отырып, тігімнің көлденең бөлігін салады (
3
және
3а
тігімдері). Жөрмеу тігісінің қосымшасын тігім ұшына қарай
кертеді. Шлица бұрыштарын беткі жағына айналдырып, баса
үтіктейді.
Дайын шлицаның жақтары бірдей ұзындықта, қиғаш жерлерсіз
болуы тиіс және пішінін өзгертпеуі тиіс. Торлы не жолақты
материал суретінің бөліктері шлицаның оң және сол жақтарында
сәйкес келуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: