Қондырма жапырақшалы бүйір тілікті қалта . Оны пальтода,
плащтарда, курткаларда кездестіруге болады (3.6-сурет,
г ).
Жапырақшаны қатырмалайды. Жұқа материалдардан жасалған
бұйымдарда астарымен тұтас пішілген жапырақшаны пайдаланады.
Қалың материалдардан жасалған бұйымдарда жапырақшаны
астарлы
материалдан
пішілген
жапырақшаның
қиылатын
астарымен жөрмейді (
1 -тігім). Белгі салуды негізгі бөлшекте және
жапырақша астарында орындайды. Жапырақшаны белгі сызығының
бойымен беткі жағын алдыңғы бойдың беткі жағына қаратып қояды
да, қосып тігеді (
3 -тігім). Астыңғы астармен қосып тігілген
шілтерді (
2 -тігім) белгі сызығының бойымен беткі жағын алдыңғы
бойдың беткі жағына қаратып қояды да, қосып тігеді (
4 -тігім).
Негізгі бөлшекте қалта аузын тіледі. Жапырақша мен қапшықты
қосып тігу тігістерін айыра үтіктейді. Жапырақшаның астарын
қалтаның үстіңгі астарымен бірге негізгі бөлшектің қосымшасына
қосып тігеді (
5 -тігім). Бұл тігімді жапырақшаны қосып тігу тігісіне
барынша жақын етіп салады. Негізгі бөлшектің ішкі жағынан қалта
тілігінің ұштарында бекітпелер қояды да, қалтаның астыңғы және
үстіңгі астарын сырып тігеді (
6 -тігім).
Пиджак, куртка, пальто, плащ сияқты астарлы бұйымдарды
көбінесе өңірасты мен қолтық ойындысының арасында астарда
кеуде тұсында орналасқан ішкі қалталармен дайындайды. Кейде
жоғары сапалы бұйымдарда мұндай қалталарды өңірастының
шығыңқы жерінде орналастырады. Ішкі қалталар астарды
өңірастының ішкі қиығына қосып тігу тігісінде бел пен мықын
сызықтарының арасындағы деңгейде орналасуы мүмкін.
Конструкциясы жағынан ішкі қалталар жапсырмалы, тігістерде
орналасқан және тілікі болуы мүмкін. Қалта бөлшектерін астарлы
матадан пішеді; жапырақшалар мен әдіптер негізгі материалдан
пішілуі мүмкін. Қалта аузын безендіретін бөлшектер созылып
кетуден сақтау үшін қатырмалануы немесе жиекпен қатайтылуы
мүмкін. Ішкі қалталардың түймесі мен тілікті жиектелген немесе
күрмек ілгегі, сыдырма түймелігі, текстилді түймелігі болуы
мүмкін. Ішкі қалталар астарының қиықтарын жиектеп торламайды.