Тігістегі түймелік қосымшалары мен планка қосымшаларының
ішкі қиықтарын өңдеудің тағ бір нұсқасы бұл қиықтарды астармен
жөрмеу болып табылады. Астарды өңделген түймелікті бұйымға
ішкі жағын ішке қаратып қояды, тігістер мен қиықтарды теңестіреді
және астардың беткі жағынжа астарды қосып тігу сызықтарын
белгілейді. Түймеліктің ұшы арқылы бір көлденең сызық және
түймелік қосымшаларының ішкі қиықтарына параллель олардан
түймелікке қарай 10 мм арақашықтықта екі бойлық сызық
жүргізеді. Белгіленген қосып тігу сызықтарына қарай 10 мм
қосымша қалдырып, астарды қосып тігу қосымшаларының
бұрыштарынан керте отырып, астар материалының артық жерлерін
кесіп тастайды (3.8-сурет,
е
). Астарды түймелік астындағы
қосымшаларға әуелі бөлшек шетінен түймелік ұшына дейінгі
бағытта бойлық қиықтардың бойымен қосып тігеді (3.8-сурет,
ж
,
з,
5
және
5а
тігімдері). Одан кейін машинада немесе қолмен жасырын
инешаншыммен көлденең тігім жүргізеді (
6
-тігім). Астарда
біріктіру тігісінің болуы астарды түймелік астындағы қосымшамен
біріктіру тәртібін өзгертпейді.
Түймелікті пішілген әдіппен жөрмер алдында не астарды
қатырмаланған әдіптің ішкі қиықтарына қосып тігуге (3.8-сурет,
и
)
немесе әдіпті астарға бастырып тігуге болады (3.8-сурет,
к
). Одан
кейін тілікті әдеттегідей жөрмеу тігісін пайдалана отырып өңдейді.
3.5.2.
Өңірастыларды өңдеу
Пиджак, пальто, плащ, куртка өңірлерінің қиықтарын негізінен
өңірастылармен
өңдейді.
Бұйымның
моделіне
байланысты
өңірастыларды өңдеу қатырмалауды, ішкі қиықтарды өңдеуді, ішкі
қалталарды дайындауды, лацканда әдіптелген ілгек жасауды, ішкі
(жасырын) түймеліктерді өңдеуді қамтиды.
Өңірастын 2.4.4 және 3.2-бөлімшелерде көрсетілгендей етіп
қатырмалайды.
Достарыңызбен бөлісу: