жағаны желімдік іштік материалмен қатырмалаған дұрыс.
Қажет болған жағдайда астыңғы жағаны көлемді жастықшалары
бар баспақта немесе үтікпен қалыптайды. Соңғы жағдайда әуелі
тіктеме қиығын ортасынан бастап шеттеріне дейін, одан соң жаға
қырының қиығын ортасынан бастап шеттеріне дейін созады.
Тіктеменің бүгілу сызығы баса үтіктелуі мүмкін. Қалыптаудан кейін
астыңғы жағаның контуры мен өлшемдерін дәлдейді, материалдың
артық жерлерін кесіп тастайды.
Үстіңгі
жағаны келесідей
дайындайды. Оны құрамды
бөліктерден айыра үтіктеп, қайым тігіспен біріктіреді. Үстіңгі
жағаның қиылатын тіктемесін қосып тігу тігісінің қосымшаларын
тіктеме жаққа бағыттай отырып, айыра тігеді не бүгіп тігеді.
Жағаны қажет болған жағдайда тіктеме мен қыры бойынша созу
арқылы қалыптайды.
Дайындалған үстіңгі және астыңғы жағаларды ұштары мен
қыры бойынша, үстіңгі жағаның материалын бұрыштарда қондыра
отырып,
жөрмеу
тігісімен
біріктіреді.
Жөрмеу
тігісінің
қосымшаларын бұрыштарда қияды, жағаны беткі жағына
айналдырып, бұрыштарын түзейді. Үстіңгі жағаның матасынан
қыры мен ойықтары бойынша жиектеме жасап, дайын жағаны баса
үтіктейді. Егер модельмен қарастырылса, жағаның ұштары мен
қырын арнайы ызбамен шеттіктейді. Әуелі үстіңгі және астыңғы
жағаларды теріс жақтарын ішке қаратып қояды да, олардың
қиықтарын ені 4...5 мм тігіспен сырып тігеді, одан кейін арнайы
құрылғысы бар машинада шеттіктейді.
Өңделген жағаның тең шеттері, конструкцияда қарастырылған
пішіні мен өлшемдері, симметриялы ұштары болуы тиіс, ал суреті
бар маталарда суреттің симметриялығы сақталуы тиіс.
Өңірлермен тұтас пішілген жағаларды өңдеу кезінде әуелі
астыңғы жағаны бұйымның мойын ойындысымен біріктіреді, одан
кейін бүйір мен астыңғы жағаны үстіңгі жағамен тұтас пішілген
өңірастылармен бір мезетте жөрмейді.
Достарыңызбен бөлісу: