3.6.
инешаншыммен тігеді.
Өңделген өңірлерді баспақтайды не үтікпен баса үтіктейді.
Тұтас пішілген өңірастылы өңірлерді өңдеудің бірнеше
өзгешеліктері бар. Алдыңғы бойда өңірлердің бүгілу сызықтарын
белгілейді. Желімдік іштікті алдыңғы боймен, қиылатын
өңірастылы бұйымдарды өңдеген кездегі сияқты, тәсілдермен
біріктіреді. Қажет болған жағдайда, өңірастында бүгілу сызығының
бойымен желімдік іштіктің үстінен желімдік жиек салады. Одан
кейін бүйір ойықтарын жөрмейді, тігістерді айыра үтіктейді,
бұрыштарды айналдырады және тұтас пішілген өңірастын бүгіп
көктей отырып, жиектеме жасау арқылы айналдыра көктейді.
Келесі операциялар қиылатын өңірастылы бұйымдарды өңдеуге
сәйкес келеді. Бүйір шетін әрлегіш тігіммен немесе желімдік
материалдармен – тормен не өрмекпен бекітеді.
АЛДЫҢҒЫ БОЙ МЕН АРТҚЫ БОЙДЫ
БІРІКТІРУ ЖӘНЕ БҰЙЫМ ЕТЕГІН ӨҢДЕУ
Алдыңғы бой мен артқы бойдың бүйір қиықтарын қолтық
ойындысының қиықтарынан бастап артқы бой жақтан сырып тігеді.
Ол үшін сырып тігілетін материалдардың бірін қондыруды реттеуге
мүмкіндік беретін арнайы машинаны пайдаланады. Бұл артқы
бойды қолтық ойындысының астында ұзындығы 80...10 мм бөлікте
5...7 мм-ге қондыруды және алдыңғы бойды бүйір қалталары
тұсында 3...5 мм-ге қондыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы
жабдық болмаған жағдайда бүйір қиықтарды алдын ала көктейді.
Сырып тіккеннен кейін тігістерді айыра үтіктейді. Пальто мен
костюм дайындау кезінде бүйір тігістер мен артқы бойдың ортаңғы
тігісін қатар айыра үтіктеу ең технологиялық жол болып табылады.
Бұл операцияны арнайы жастықшалары бар баспақта және тігіс
қосымшаларын алдын ала жаю үшін қажетті үтіктермен орындауға
кеңес беріледі.
Қынама силуэтті бұйымдарда бүйір тігістерді екі рет айыра
үтіктейді: әуелі қолтық ойындысынан бастап белге дейін, одан
кейін етектен белге дейін. Бел тұсындағы тігіс қосымшасы айыра
үтіктеу кезінде керілген болмауы тиіс.
Бүйір қиықтарды біріктіріп, өңдегеннен кейін дәлдейді және
бұйым етегінің сызығын кеседі. Ол үшін бұйымды артқы бойдың
ортасына ішкі жағын ішке қаратып қояды және үстелге астыңғы
қиығын жұмысшыға қаратып жаяды. Бүйір тігістерді, иық
қиықтарын, қолтық пен мойын ойындысының қиықтарын және
бүйір шеттерін сәйкестендіреді. Етек сызығы мен тілік сызығын
Достарыңызбен бөлісу: