Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет179/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

282
3.6.


көмекші лекалоны пайдалана отырып бормен жүргізеді. Белгіленген 
сызық бойынша үстелге айналдырылып жайылған бұйым етегін 
кеседі. 
Астыңғы жастықшасында ернеуі бар, ал үстіңгі жастықшасында 
ойығы бар арнайы баспақ болған жағдайда, бүгілу сызығын 
қыспақтау арқылы белгілейді. 
Астарлы бұйымдарда бұйым етегін көбінесе бүктеме – ашық, 
жиектік не шеттік қиықты тігістердің бірімен өңдейді. Етектің 
бүгілу қосымшасы бүгіп тігілуі, тік тігіс қосымшаларында қосарлы 
екі тігіммен бекітілуі немесе арнайы машинада не қолмен жасырын 
инешаншыммен тігілуі мүмкін. Қайырма тігімді етектің бүгілу 
қосымшасының қиығын бойлай немесе одан 10...15 мм-де 
орналастырады. Бұйым етегін бүгіп тіккен кезде тігім әрлегіш 
тігімнің рөлін атқарады және оны бұйымның беткі жағынан салады. 
Пальтода, пиджакта, плащта бұйым етегінің бүгілу қосымшасын 
желімдік таспа, желімдік өрмек, желімдік жіп арқылы желімдік 
тігіммен бекітуге болады, оларды етектің бүгілу қосымшасы мен 
бұйымның арасына салады, одан кейін бұйым етегінің бүгілу 
қосымшасын бұйымның ішкі жағынан баса үтіктейді. 
Тез сетінегіш маталардан жасалған бұйымдардың етегі, егер 
машинада жіптердің бірін желімдік жіппен алмастырса немесе 
желімдік өрмектің не желімлік тордың кесіндісін етектің бүгілу 
қосымшасының астына салса, жиектеп торлануы мүмкін. Одан 
кейін етектің бүгілу қосымшасын бір инелі тізбекті инешаншымдық 
арнайы машинада бүгіп көктейді және баспақта баса үтіктейді. 
Бүгіп көктеу жіптерін алып тастайды. 
Аз сетінегіш маталардан жасалған бұйымдарда желімдік өрмекті 
не желімдік торды етектің бүгілу қосымшасына қиықтан 2...5 мм 
арақашықтықта салады. Желімдік материалдарды сырып тігу 
машинасында қосып тігеді. 
Етек қиығын арнайы машинада етектің бүгілу қосымшасы 
бойынша қиықтан 3...5 мм арақашықтықта салынған желімдік таспа 
арқылы да желімдеуге болады. 
Сиретілген құрылымды маталардан жасалған бұйымдарда, 
сондай-ақ алдыңғы бой мен артқы бойлары қиғаш пішілетін 
бұйымдарда желімдік іштікті орнықтылық үшін және кию 
процесінде пішін өзгертуден сақтау үшін бұйым етегі бүгілісінің 
бүкіл ені бойынша қояды. Қосып тігілген астарлы бұйымдарда 
бұйымның бүгіп көктелген және баса үтіктелген етегін соңғы 
бекітуді астарды қосып тіккеннен кейін орындайды. Бұйым етегі 
астарды қосып тіккенге дейін салынған әрлегіш тігіммен де 
бекітілуі мүмкін. 
283


Егер модельмен қарастырылса, куртка сияқты бұйымдарда 
бұйым етегін астарды бұйыммен біріктіргеннен кейін қосып 
тігілген белбеумен өңдейді. Белбеу мен белбеу астарын астар 
астымен біріктірілген бұйым етегіне қосып тігеді. Ол үшін белбеу 
мен белбеу астарының қиықтарын ішке қарай бүгуге арналған 
құрылғысы бар сырып тігу машинасын пайдаланады. 
Иық қиықтарын артқы бой жақтан көктейді. Бұл ретте мойын 
ойындысының қиығынан 15...20 мм тұста және қолтық 
ойындысының қиығынан 30...40 мм тұста бөлшектерді көктеуді 
қондырмасыз жүргізеді, ал қалған тұста артқы бойды қондырады. 
Қондырманы жия үтіктейді. Одан кейін иық қиықтарын алдыңғы 
бой жақтан сырып тігеді. Көктеген тігімді алып тастағаннан кейін 
иық қиықтарын арнайы жастықшалары бар баспақта айыра 
үтіктейді. 
Иық қиықтарын алдын ала көктеместен сырып тігу үшін сырып 
тігілетін материал қабаттарының бірін қажетті қондыруды 
қамтамасыз ететін арнайы машинаны пайдаланады. 
Пиджактарда иық қиықтарын артқы бой жақтан ені 20 мм 
арқаужіпке 45° бұрышпен пішілген іштік мата кесіндісін сала 
отырып сырып тігеді. Кесінді ұштарын мойын мен қолтық 
ойындысының қиықтарына дейін 20...30 мм жеткізбейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет