Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет194/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

304


 
 
3.18
-сурет. Астарды бұйыммен біріктіру 
305


сына қосып тігеді. Тігімді жең бойымен салады. Тігіс ені 10 мм. 
Манжеталы жеңдерде жең астарын манжеталардың астарына қосып 
тігеді. Жең аузының бүгілу қосымшасын алдыңғы және шынтақ 
тігістерінің қосымшаларында ұзындығы 8...10 мм қосарлы кері 
тігіммен 
бекітеді. 
Жең 
астарының 
шынтақ 
тігістерінің 
қосымшаларын жеңнің шынтақ тігісінің қосымшасына бекітеді. Ол 
үшін жең мен жең астарының шынтақ тігістерін теңестіреді және 
жең мен жең астарының шынтақ тігістерінің қосымшалары 
бойынша ұзындығы 80...10 мм тігім салады. Тігімді жең аузынан 
50...100 мм арақашықтықта бастайды. Тігімді астар жақтан салады. 
Жеңді беткі жағына айналдырып, түзейді. Жең мен жең астарын 
қосып тігу тігістерінің қосымшаларын біріктіреді. Қосымшаларды 
біріктіруді сырып тігу немесе арнайым белгі салу машинасында 
ұзындығы 80...100 мм қолтық ойындысының үстіңгі және астыңғы 
бөліктерінде жүргізеді. Иық қондырмалары бар бұйымдарда 
астардың қолтық ойындысының үстіңгі бөлігін алдын ала иық 
қондырмасына бастырып тігілген мата кесіндісіне қосып тігеді. 
Бұйымды беткі жағына айналдырып, үстелге жайып қояды, 
астарды түзейді, астар астының сызығын белгілейді, оның 
ұзындығын бұйым ұзындығы бойынша дәлдейді; астарды қияды. 
Астар астын бүгеді де, түзу (3.18-сурет, 
в

4
-тігім) немесе ирек 
тігімді жабық қиықты бүктеме тігіспен бүгіп тігеді. Жапсыра 
тігілген астардың шеті бұйым етегінің бүгілу қосымшасының 
ортасында орналасуы тиіс. Астарды кию кезінде жылжып кетуден 
ұстап тұру үшін оны бұйымға ызбамен бекітуге болады. Ол үшін 
бүйір тігістерінің бөліктерінде ұзындығы 30...50 мм ызбаны астарда 
бір ұшымен бекітеді, оны астар астының бүгілу қосымшасын бүгіру 
тігу тігісінің астына салады. Ызбаның екінші ұшын бұйымның 
бүйір тігісінің қосымшасында етектің бүгілу қосымшасының 
шетінен сәл жоғары үш қабат кері тігіммен бекітеді. Соңында 
өңірастының астыңғы шетін бұйым етегінің бүгілу қосымшасында 
бұйымның беткі жағынан көрінбейтн машина не қол тігімімен 
бекітеді. 
Өңірастылардың ішкі қиықтары астарлы матадан жасалған 
көлбек көмкермемен шеттіктелуі мүмкін (3.18-сурет, 
г

1
-тігім). Бұл 
жағдайда өңірастын астармен біріктіруді жапсырма тігіспен 
орындайды. Ол үшін өңірастының шеттіктелген ішкі шетімен астар 
қиығын 10....15 мм енде жабады және бақылау белгілерін 
сәйкестендіріп, өңірастын астарға бастырып тігеді (
2
-тігім). 
Бастырып тігу тігімін шеттік көмкерменің бүгілген жеріне салады. 
Осы тігімнің астына астардың ішкі жағынан кейін өңірастын 
алдыңғы бойдың желімдік іштігіне бекіту үшін желімдік өрмек 
салуға болады. Бастырып тігуді шеттік көмкерменің үстінен жалпақ 
306


ирек тігіммен де орындауға болады. Өңірастының шетін, етекке 
дейін 70...80 мм жетпестен астарға бастырып тігеді. Астар астын 
жабық қиықты бүктеме тігіспен өңдегеннен кейін, шеттіктелген 
өңірастын астарға бастырып тігуді аяқтайды (
4
-тігім). Өңірастының 
астыңғы шетін бұйым етегінің бүгілу қосымшасына бұйымның 
беткі жағынан көрінбейтін машина не қол тігімімен бекітеді. 
Астының бір шеті ашық астар көбінесе әйелдер пальтосы мен 
плащтарда кездеседі. 
Етегі бойынша қосып тігілген астарлы бұйымдарда сыртты 
астармен біріктіруді бұйым түрі мен моделіне байланысты үш 
тәсілдің бірімен орындайды. 
Куртка сияқты бұйымдарда астарды бұйым сыртымен әйелдер 
пальтосындағы сияқты реттілікпен біріктіреді. Астарды бұйымға 
ішкі жағын ішіне қаратып салады да, артқы бойдың өңірасты мен 
мойын ойындысы әдібінің ішкі қиықтарына қосып тігеді. Сырмалы 
жылулық іштігі бар бұйымдарда оны артқы бойдың өңірасты мен 
мойын ойындысы әдібінің ішкі қиықтарына қайым (3.18-сурет, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет