4-тарау
4.1.
ӘРТҮРЛІ МАТЕРИАЛДАРДАН ЖАСАЛҒАН
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ЖҰҚА МӨЛДІР МАТАЛАРДАН ЖАСАЛҒАН
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бұйымдарды өңдеу ерекшеліктері осы бұйымдар жасалатын
материалдардың қасиеттерімен айқындалады. Жұқа материалдардан
жасалған бұйымдарды өңдеу кезінде мөлдірлік, қатты сетінегіштік
және құрылым қозғалмалылығы сияқты қасиеттер назарға алынады.
Мұндай маталардан жасалған бұйымдарды конструкциялау
кезінде контсруктивтік тігістердің санын қысқартуға ұмтылады.
Сонымен
қатар,
бөлшектерді біріктіру
тігістерінің
оғаш
қисықтығына жол бермеуге тырысады. Өңірасты,
мойын
ойындысының әдібі, тілік әдібі, қолтық ойындысының әдібі бұл
бөлшектердің ішкі қиықтары
қандай да бір конструктивтік
сызықтармен (бедерлермен, иініштермен) сәйкес келетіндей етіп
жобалануы тиіс. Бұл бұйымның беткі жағында материалдың
мөлдірлігі әртүрлі бөліктерінің алмаспауы үшін қажет. Мысалы,
ішкі қиығы алдыңғы бойдың тік бедерімен сәйкес келетін тұтас
пішімді өңірастын немесе ішкі қиығы иініш сызығымен сәйкес
келетін мойын ойындысының әдібін жобалаған дұрыс.
Бөлшектерді пішуді материалды бұдыр бетке қоя отырып
жүргізеді, бұл төсемені лекало жиектеу және пішу кезінде жылдып
кетуден және пішінін өзгертуден сақтауға мүмкіндік береді. Бұл
ретте көптеген жүкшелер мен қысқыштарды пайдаланады. Жеке
тіккен кезде пішуден кейін бірден бөлшектердің қиғаш қиықтарын
желімдік не желімсіз жиекпен бекіткен дұрыс, бұл олардың пішін
өзгертуіне жол бермейді.
Осындай
материалдардан
жасалған
бұйымдарды
өңдеу
технологиясына қойылатын негізгі талаптардың бірі біріктіру
тігістерінің барынша мүмкін болатын кіші енін қамтамасыз ету –
4...5 мм, одан көп емес.
Достарыңызбен бөлісу: