құрылымының тым қозғалмалылығының салдарынан жайма
қиықтары созылып кетеді, бұл дайын бұйымда сырып тігу тігісі
бойынша көлденең қатпарлардың пайда болуына әкеледі. Мұндай
ақаулыққа жол бермеу үшін материалдың ине астына берілісін және
табандық қысымын дұрыс реттеу қажет.
Бұйымның барлық біріктіру тігістерін тізбекті инешаншымдық
машиналарда орындайды. Бүкпелерді сырып тігу, ызбаны қосып
тігу, түймеліктерді өңдеу, жағаны қондырып тігу және жиектік
қиықтарды бастырып тігу үшін қайықты инешаншымдық тігімдерді
пайдалануға болады.
Иық қиықтарын, жеңтүптің үстіңгі бөлігін қолтық
ойындысымен, жағаның астыңғы қиығын артқы бойдың мойын
ойындысымен, реглан жеңнің қиықтарын, бүйір қиықтарды
біріктірген кезде (ірі ілгекті құрылымдық трикотаждан жасалған
бұйымдарда) қиықтардың созылып кетуіне жол бермеу үшін тігім
астына ызба салады.
Бөлшек қиықтарын, өңірасты мен әдіптердің ішкі қиықтарын
тізбекті инешаншымдық шеттік торлау машиналарында жиектеп
торлайды. Бөлшектердің шеттерін жазық тігісті екі инелі машинада
бүктеме тігіспен өңдейді. Киімнің жиектелген шетін тізбекті
инешаншымдық бір инелі машинада бүгіп тігеді немесе жасырын
тізбекті инешаншымдық машинада жапсыра тігеді. Бөлшектердің
қиықтарын ілгекті қатар бағытында пішілген трикотаж жайма
кесінділерімен шеттіктейді.
Жағалар, манжеталар, өңірастылар, плакналар және басқа да
бөлшектер трикотаж не мата негізіндегі желімдік іштік
материалдармен қатырмалануы мүмкін. Желімдік іштіктер желімсіз
іштіктермен алмастырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: