Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет206/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

Қалталарды өңдеу
. Қалталар жапсырмалы, тілікті болуы 
мүмкін немесе бұйым бөлшектерін сырып тігу тігістерінде 
орналасуы мүмкін. Тігіс ішіндегі қалталарды және тілікті 
қалталарды өңдеген кезде бойлық пен шілтерлерді пайдаланбайды. 
322
4.4.


Әдіптер мен жапырақшаларды қалта астарымен тұтас пішеді. 
4.3
-сурет. Үшқабатты сырмалы жаймадан жасалған бұйым бөлшектерін 
біріктіру үшін пайдаланылатын тігістер
Жапсырмалы қалталардың қиықтары бастырып тігер алдында 
ызбаны не көлбеу көмкермені пайдалана отырып шеттік тігіспен 
өңделуі мүмкін. Қалта қақпақшалары мен жапырақшаларының 
қиықтары дәл осылай өңделуі мүмкін. 
Түймелік өңдеуді өңірастысыз тесік тілікте орындайды. 
Түймелеу үшін тілікті ілгектер мен түймелерді пайдаланады. Тілікті 
ілгектерді жартылай ілгекті автоматта жиектеп торлайды. Ызбадан 
не көлбеу көмкермеден жасалған және өңірді ызбамен не көлбеу 
көмкермемен өңдеу кезінде қондырып тігілген тұйық ілгектер 
салынуы мүмкін. Мұндай бұйымдарда бүкпелі ілгектерді 
жасамайды. 
Жағаны өңдеу
. Бірқабатты жаға жасайды. Жағаның бөліктерін 
ортаңғы сызық бойынша ызбаны пайдалана отырып, түйіскен 
тігіспен сырып тігеді. Жағаның қыры мен ұштарын өңірмен және 
бұйымның астыңғы қиығымен қатар шеттіктейді. Жағаны 
бұйымның мойын ойындысына шеттік қиықты қайым тігіспен 
немесе беткі не ішкі жағына бастырып тігілген ызбамен түйіскен 
тігіспен қондырып тігеді. 
Жеңдерді өңдеу
. Алдыңғы қиықтарды түйіскен тігіспен, ал 
шынтақ қиықтарын шеттік тігіспен не түйіскен тігіспен біріктіреді. 
Жеңдердің аузын жеңдердің шынтақ қиықтарын біріктіргенге дейін 
не одан кейін шеттік тігіспен өңдейді. 
Жеңді қондырып тігуді ызбаны не көлбеу көмкермені пайдалана 
отырып шеттік тігіспен орындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет