Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет205/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

321


 
ҮШҚАБАТТЫ СЫРМАЛЫ ЖАЙМАДАН ЖАСАЛҒАН 
БҰЙЫМДАРДЫ ӨҢДЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Сырмалы жайма өз арасында белгілі бір сурет (шаршы, ромб, 
параллель сызықтар, геометриялық өрнек, сюжеттік сурет және т.б.) 
бойынша салынған жіптік тігімдердің көмегімен сыру арқылы 
бекітілген сырт материалдан, жылулық іштіктен және астардан 
тұратын көпқабатты пакет болып есептеледі. Жылулық іштік 
ретінде синнтепонды, түткіш машиналардан кенепті, басқа да 
материалдарды пайдаланады. Үшқабатты жайманы сыруды 
жылулық астарды сыру сияқты орындайды (3.9.2-бөлімшені 
қараңыз). Материалдың жоғары қаттылығы мен қалыңдығының 
салдарынан бұйымның конструкциясымен негізгі бөлшектерді 
артық конструктивтік бөлшектеу және ЫЖӨ-ні қолдану 
көзделмейді. Бүкпелерді жобаламайды, ашық қолтық ойындысына 
қондырып 
тігілетін 
жейделік 
конструкциядағы 
жеңдерді 
пайдаланады. Жағаны ойықсыз мойын ойындысына қондырып 
тігеді. Қалталардың конструкциясы өте қарапайым – бойлықтарсыз, 
шілтерлерсіз болады. 
Бөлшектерді біріктіру үшін беткі және ішкі жағынан екі бүктеме 
қиықты ызбаны не көлбеу көмкермені сала отырып, түйіскен тігісті 
(4.3-сурет, 
а
), қиықтарды шеттіктей отырып қайым тігісті 
пайдаланады (4.3-сурет, 
б
), бұл ретте жиектеме ішкі жағында да, 
беткі жағында да орналасуы мүмкін. Үшқабатты сырмалы 
жаймадан жасалған бұйым бөлшектерінің қиықтарын екі бүктеме 
қиықты ызбамен не көлбеу көмкермемен шеттіктейді. Түйіскен 
және қайым тігісті орындау үшін арнайы құрылғысы бар біринелі 
сырып тігу машиналарын пайдаланады. 
Негізгі бөлшектерді бастапқы өңдеу
. Ол негізінен, егер 
модельмен қарастырылса, артқы бой мен алдыңғы бойға иініштерді 
қосып тігуден тұрады. Операцияны жоғарыда аталған біріктіру 
тігістерімен орындайды. Олардан басқа, егер материалдың 
қалыңдығы мүмкіндік берсе, ашық шеттік қиықты бастырма тігімді 
(4.3-сурет, 
в
), ашық шеттік қиықты екі тігіммен жапсырма тігісті 
(4.3-сурет, 
г
) немесе айыра үтіктеп қайым тігісті пайдаланып, 
артынан ызбаны не көлбеу көмкермені сырып тігу тігісінің 
қосымшаларына бастырып тігеді (4.3-сурет, 
д
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет