бұйымдардың түйіндерін құрастыру
Өкінішке орай, технологиялық өңдеу реттілігінің кесте нысаны
технологиялық бөлінбейтін операциялардың арасындағы өзара
байланыс, оларды орындау тәртібі, параллель операциялардың бар-
жоғы туралы дұрыс бағалауға үнемі мүмкіндік бере бермейді.
Мәскеу мемлекеттік дизайн және технология университетінде
технологиялық реттілікті графикалық құрастырудың граф (ағаш)
түріндегі нысаны әзірленді. Графты құрастыру үшін бұйымның
басқа құрастыру бірліктерін шартты түрде бекіту көзделген негізгі
құрастыру бірлігін (бөлшегін) белгілеу қажет. Негізгі құрастыру
бірлігі және оны өңдеу жөніндегі операциялар ағаш діңгегі деп
аталатын баған құрастырады, оған әрі қарай монтаждау
операциялары мен бұйымды соңғы әрлеу қосылады. Қалған
құрастыру бірліктерін (түйіндерін) өңдеуге ағаш бұтақтары сәйкес
келеді, олар діңгекке әртүрлі деңгейде тіркеледі.
Негізгі құрастыру бірлігі ретінде, ереже бойынша, барлық басқа
құрастыру бірліктерімен ең көп байланыс санына ие бірлік
қабылданады (оған 01 нөмірі беріледі). Негізгі құрастыру бірлігін
анықтау
үшін
барлық
құрастыру
бірліктерінің
арасында
байланыстар қалыптамасын құрастырған дұрыс. 5.2-кестеде негізгі
құрастыру бірлігін таңдау қалыптамасы келтірілген (балалар
ішкөйлегі мысалында).
Қалыптамада байланыстардың барын 1 цифрымен, жоғын 0
цифрымен белгілейді. Қалыптаманың соңғы бағанында әрбір құрас-
Достарыңызбен бөлісу: