тыру бірлігі үшін
Σ
R
байланыстар қосындысы келтіріледі. Үлкен
Σ
R
ие бірлік негізгі құрастыру бірлігі болып табылады. Балалар
ішкөйлегі үшін бұл алдыңғы жақ (
Σ
R
=5). Кескін құрастыруды
қатаң технологиялық реттілікпен жүзеге асыру қажет. Барлық
операцияларды шаршы, үшбұрыш не шеңбер түрінде бейнелейді,
оларда технологиялық бөлінбейтін операцияның нөмірі, мамандық
(не жабдық), уақыт шығыны көрсетіледі.
5.3
-суретте балалар киімін дайындау графын құрастыру мысалы
көрсетілген (балалар ішкөйлегі мысалында).
Технологиялық реттілік графы – кесте нысанында бар барлық
кеишіліктер мен дәлсіздіктерді анықтау үшін көрнекі ақпарат.
АҒЫНДЫ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ
ПРИНЦИПТЕРІ
Кез келген өндірісті ұйымдастыру үшін, үш компонент болу
қажет – еңбек құралы, еңбек заты және еңбек (адамның мақсатты
қызметі). Бұл компоненттердің өзара іс-қимылы өндірісті
ұйымдастыру нысанын анықтайды.
Тігін өнеркәсібінде өндірісті ұйымдастырудың екі нысаны бар –
үзілісті не ағынсыз және үзіліссіз не ағынды.
Достарыңызбен бөлісу: