Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет226/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

350
ЫЖӨ және 
бұйымды соңғы 
әрлеу секциясы
Астарды өңдеу
Артқы бойды өңдеу
Алдыңғы бойды өңдеу
Жеңдерді өңдеу
Бұйымды монтаждау
Бұйымды монтаждау
Дайындау секциясы
Монтаждау секциясы
Ұсақ бөлшектерді
өңдеу



монтаждау және әрлеу секциясының жұмыс орындарын 
мамандандырудың арқасында уақыт шығынының азаюы және 
бұйым сапасының жақсаруы; 

модельдерді ауыстыру кезінде ағынның барынша оңтайлылығы; 

модельдердің көп санын бір мезетте дайындау мүмкіндігі; 

жекелеген секцияларда әртүрлі ұйымдастыру нысандарын 
қолдану мүмкіндігі. 
К е м ш і л і к т е р і н е секциялық ағынды ұйымдастыру 
секциялық емес ағынды ұйымдастырғанға қарағанда анағұрлым 
күрделі болатыны жатады, бұл есептеуді қиындатады, секция 
аралық қорды ұлғайтады және мұндай ағынды басқаруда 
қиындықтар тудырады. 
А ғ ы н д ы ж а р т ы л а й ф а б р и к а т т а р м е н ж ү к т е у 
т ә с і л і б о й ы н ш а ағындар 
орталықтандырылған 
және 
орталықсыздандырылған 
жіберумен болуы мүмкін. Бірінші 
жағдайда бөлшектердің толық жиынтығы бір орталықтан 
жіберіледі, екінші жағдайда жекелеген түйіндер мен бөлшектер 
оларды өңдеу қажет жұмыс орындарына беріледі. 
Орталықтандырылған жіберу даралап та, будалап та болуы 
мүмкін, орталықсыздандырылған жіберу тек будалап қана болуы 
мүмкін. 
Даралап 
жіберуді қатаң немесе құрама ырғақты ағындарда 
қолданады (конвейер пайдаланылатын учаскелерде). Мұндай 
жіберу 
кезінде 
қалыпты 
жұмысты 
қамтамасыз ететін 
технологиялық процесті айқын ұйымдастыру талап етіледі, бұл 
ретте аяқталған өндіріс көлемі аса үлкен болмайды. 
Будалап 
жіберу даралап жіберумен салыстырғанда аяқталмаған 
өндірістің көлемін ұлғайтады. Бұл ретте есепке алу қиындайды, 
монтаждау кезінде бөлшектерді өлшемі бойынша іріктеуге 
қосымша уақыт және будаларды сақтау үшін қосымша орын талап 
етіледі. Бірақ будалап жіберудің зор артықшылықтары да бар – 
көмекші амалдарға кететін уақыт азаяды (мысалы, машинаға 
салынған будадан бөлшекті бірінің артынан бірін алуға, оны 
машина табанының астына қоюға және қайым тігіс жіптерін 
кеспеуге болады). Сонымен қатар, көмекші-ауыстыру амалдары, 
жартылай автоматтарды қолдану үшін жағдай жасалады (мысалы, 
пиджактың тілікті қалталарының қақпақшаларын өңдеу үшін). 
Жұмыс орнына келіп түсетін будадағы бұйым саны көліктік 
топтама деп аталады. Оның өлшемін пішу кезінде буданың 
өлшеміне жақындастыру ұсынылады (төсемдегі жаймалардың сан- 
351


сына тең). Көліктік топтаманың өлшемі бұйымның түрі мен 
өлшемдеріне, 
ағынды 
ұйымдастыру 
нысанына, 
будаларды 
тасымалдауға арналған құралдардың түріне және т.б. байланысты 
болады. 5.6-кестеде жартылай фабрикаттарды дайындаудың әртүрлі 
секцияларында шығарылатын бұйымдардың сұрыпталымына 
байланысты көліктік топтамалардың мүмкін болатын (ұсынылатын) 
өлшемдері келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет