Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»


ТІГІН ЦЕХТАРЫ АҒЫНДАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ



Pdf көрінісі
бет228/321
Дата04.09.2023
өлшемі13,94 Mb.
#105974
түріОқулық
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   321
Байланысты:
7d6a2d54b54db2ebe9d242e24bcc4fb8

ТІГІН ЦЕХТАРЫ АҒЫНДАРЫНЫҢ ТИПТЕРІ
 
Ағын типі 
– пайдаланылатын техника мен технологияның 
деңгейімен, ұйымдастыру нысанымен және құрылымымен, 
жартылай фабрикатты жылжыту, модельдерді жіберу тәсілдерімен, 
қуаттылықпен және т.б. анықталатын кешенді сипаттама.
Тігін цехтарында қолданылатын ағындардың бірнеше типтері 
бар. Олар агрегатты және топтық ағындар, осы екі типтің үйлесімі – 
агрегатты-топтық ағындар, регламенттелген және еркін жұмыс
356


ырғақты конвейерлік ағындар. 
Агрегаттық ағындар 
– ағынның ең қарапайым, бірақ тиімділігі 
аз ұйымдастыру нысаны. Бұл ағындар әдетте шағын қуаттылыққа 
ие, оларды еңбек сыйымдылығы төмен тұрақты бұйымдарды 
дайындаған кезде қолданады. Кейде агрегаттық ағындарды 
монтаждау секциясында ғана пайдаланады (сырт киім дайындау 
жөніндегі ағындарда). Аргегаттық ағынның ырғағы еркін. 
Модельдерді жіберу тізбекті немесе тізбекті-сұрыпталымды. 
Жартылай фабрикатты беру үстел арасында қолмен немесе үстел 
үстілік көлік құралдарын қолдану арқылы орындалады. Мұндай 
ағындарда жартылай фабрикатты бір не екі жұмыс орнына кері 
қайтаруға болады (жұмыс орнының жоғары мамандануы 
жағдайында). Операцияларды бір жұмысшы әртүрлі жабдықта 
орындайды. Агрегаттық ағындарды топтық ағындармен бірге 
қолдану анағұрлым тиімді болып табылады. 
Топтық 
ағындарда 
жартылай 
фабрикаттарды 
мамандандырылған топтарға жиналған жұмыс орындарында 
орналастырады, сол жерде оларды бір уақытта өңдеу жүргізіледі. 
Ағын ырғағы еркін. Бөлшектер будалап жіберіледі, будаларды үстел 
арасында қолмен немесе модельдерді тізбекті-сұрыпталымдық не 
тізбекті-циклдік жіберуді қолдана отырып, әртүрлі көлік 
құралдарының көмегімен жылжытады. 
Топтық ағындардың а р т ы қ ш ы л ы ғ ы 
олардың 
әмбебаптығында, ол: 

бұйым бөлшектері мен түйіндерін параллель өңдеуді; 

бөлшектерді будалап жіберуді; 

жұмыс орындарын мамандандыруды; 

жартылай фабрикатты беру үшін арзан жетексіз құрылғыларды 
кеңінен қолдануды; 

жабдықтар мен кеңсе техникасының 
жарақтарын толық 
пайдалануды; 

жұмысқа 
шықпай 
қалған 
жағдайда 
орындаушыларды 
алмастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Сонымен қатар, топтық ағында модельдер ауысымына уақыт 
жоғалту деген жоқ. 
Топтық ағынның к е м ш і л і к т е р і : 

аяқталмаған өндіріс көлемінің ұлғаюы; 

бөлшектердің уақытында дайындалуын бақылауды күшейту 
қажеттілігі; 

ағынды жоспарлаудың қиындауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   321




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет