Еңбекті ұ
йымдастырудың ең үдемелі нысаны
агрегатты-
топтық ағын
болып табылады.
Бұл типтегі ағындарда тар мамандандандыруды қажет ететін
киімнің жекелеген түйіндерін дайындау бойынша жұмыс
орындарының топтары бөлінеді. Ағын ырғағы еркін, қуаттау
будалап,
жартылай
фабрикат
топтардың
ішінде
әртүрлі
процессішілік көлік құралдарының көмегімен жылжытылады.
Модельдерді жіберу тізбекті, тізбекті-сұрыпталымды және циклдік
болуы мүмкін. Мұндай ағындарды (үлкен және орташа қуаттылық)
кез келген сұрыпталымдағы, дұрысы шағын габаритті бұйымдарды
дайындаған кезде қолданады; бұл типтегі ағындарды дайындау
секцияларында сырт киім жасаған кезде пайаланады.
Жоғарыда баяндалғанды ескере келе, агрегатты-топтық ағынды
ұйымдастыру үшін қажетті шарттарды тұжырымдайық:
■
үлкен қуаттылық және жұмыс орындарының тар мамандануы
(топтардың ішінде барынша мамандандыруды қамтамасыз ету
үшін жартылай фабрикатты қайтаруға рұқсат етіледі);
■
жабдықтың қуаттылығын барынша пайдалану (операцияны бір
жұмысшының әртүрлі жабдықта орындауына рұқсат етіледі);
■
модельдердің технологиялық біртектілігі, әртүрлі түйіндерді
дайындаудың еңбек смыйымдылығындағы айырмашылық 7%-
дан аспайды;
■
әртүрлі модельдегі бұйымдарды өңдеу әдістерінің бір типтілігі
және пайдаланылатын жабдық жұмысының бірдей режимдері;
■
ағынды жекелеген бөлшектер мен түйіндерді өңдеумен
айналысатын тар мамандандырылған топтарға бөлу. Бұл ретте
еңбек сыйымдылығы аз бөлшектер бір топқа біріктіріледі, ал
еңбек сыйымдылығы көп бөлшек жеке өңделеді;
■
монтаждау секциясында ағынның барынша тұрақтылығына қол
жеткізу үшін операциялардың көбін дайындау секциясында
шоғырландыру;
■
модельдерді тізбекті-сұрыпталымды будалап немесе циклдік-
будалап жіберу;
■
жартылай фабрикаттарды топтардың ішінде және топтардың
арасында жылжытатын әртүрлі құралдарды пайдалану;
■
дайындау секциясынан кейін бөлшектерді жинақтау, сапаны
бақылау, жартылай фабрикатты жұмыс орындарына және
жинақтау мен жіберу орнына жеткізу бойынша қосымша
операциялардың болуы.
Агрегатты-топтық ағынның ерекшелігі үлкен қуаттылық пен
358
шағын еселік жағдайында операциялардың еселігі 8...10-ға дейін
артатыны болып табылады.
Агрегатты-топтық ағындардың а р т ы қ ш ы л ы қ т а р ы :
■
көмекші амалдарды қысқартудың (бөлшектерді будалап өңдеу,
жұмыс орындарын мамандандыру), арнайы жартылай автоматты
және автоматты жоғары өнімді
жабдықты
пайдалану
мүмкіндігінің, еңбекті ұтымды ұйымдастырудың және жұмыс
орындарын топтарда тиімді орналастырудың нәтижесінде бұйым
дайындаудың барынша аз еңбек сыйымдылығына қол жетуі;
■
жұмыс
орындарын
тар
мамандыру
мен
ұтымды
ұйымдастырудың арқасында өңдеу сапасының артуы;
■
өндірістің жекелеген учаскелерін механикаландыру және
автоматтандыру мүмкіндігі;
■
жұмысшылар еңбегінің дербестігін және жұмысқа шықпай
қалған жағдайда оңтайлылығын есепке алу мүмкіндігі;
■
орынжайды ағынды орналастыруға арналған кез келген
конфигурациямен бейімдеу мүмкіндігі.
К е м ш і л і к т е р і н е , топтық ағындардағы сияқты, аяқталмаған
өндіріс көлемінің айтарлықтай ұлғаюы, барлық ағын мен оның
учаскелерінің жұмысының ырғақтылығын бақылауды күшейту
қажеттігі жатады. Бұған қоса, операциялардың үлкен еселігінің
салдарынан жұмыс орындарын жоспарлау кезінде үлкен қиындық
туындайды.
Жоғарыда аталған ағындар жататын конвейерлік емес ағындарда
процессішілік жетексіз жылжыту құралдарын пайдаланады.
Жетексіз құралдар дайындау мен пайдалану кезінде ең қарапайым
әрі үнемді құралдар болып табылады. Олардың ішінде ең көп
қолданылатындары:
■
бастапқы өңдеу сатысында пішім будалары мен бөлшектерді
және жартылай фабрикаттарды ауыстыруға және сақтауға
арналған еден үстінде тасымалданатын контейнерлі қоларбалар
(5.8-сурет);
■
бөлшек будалары мен жартылай фабрикаттарды ауыстыруға
және сақтауға арналған еден үстінде тасымалданатын стеллаж
қоларбалар (5.9-сурет);
■
жартылай фабрикаттар мен дайын бұйымдарды беруге және
сақтауға арналған еден үстінде тасымалданатын кронштейнді
қоларбалар (5.10-сурет);
■
бөлшек будалары мен жартылай фабрикаттарды бекіту және
тасымалдау құрылғылары (5.11-сурет);
Достарыңызбен бөлісу: